Ұлттық дәстүр ұлықталған күн

Жаңалықтар
28.03.2024, 11:50
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биылғы Наурыз мерекесі Рамазан айына тұспа-тұс келгендіктен, Жамбыл жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесі бірігіп, Ұлыстың ұлы күнін Тараз қаласындағы «Севинч» мейрамханасында атап өтіп, 400-ге жуық теміржолшыға ауызашар берді.  

Мерекеге орай мейрамханаға қос бөлімшеге қарасты мекемелердің қызметкерлері ұлттық киіммен келді. Ақ дастарханның басында Наурыз бата беріліп, қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды.  

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов пен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орындасары Дәулетбек Жолдасбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев теміржолшыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бірқатар марапаттар табыс етті.    

Мерекелік іс-шарада ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив депосының қызметкерлері қадамын қаз-қаз басқан бүлдіршіннің тұсауын кесіп, жөн-жоралғысын жасады. Ал ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының жастары беташар дәстүрінен көрініс дайындап, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер бесікке салу рәсімін жасап, жөн-жоралғыларды көрсете отырып, ырым-тыйымдарды да еске салды.  

Наурыз думанын Тараз вокзалының қыз-жігіттері айта келген Жарапазан қыздыра түсті. Ұлттық спорт жарыстары да ұмыт қалған жоқ. Бөлімшелер мен мекемелер арқан тартыстан бәсекеге түсіп, кім мықтыны анықтады. Ұлттық дәстүрді жаңғыртып өнер көрсеткендер түрлі сый-сияпатқа ие болып, ең ерекше ұлттық киім киген қызметкерлер де марапатталды.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды