Жүктерді тасымалдау жөніндегі негізгі халықаралық келісім ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды

Жаңалықтар
05.04.2024, 17:24
Оқуға 2 мин
Фото Александра Жабчука

Астана қаласында Халықаралық теміржол жүк тасымалдауы туралы келісімді (ХТЖТК) жетілдіру мәселелерінде көлік құқығы бойынша Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) комиссиясы сарапшыларының кеңесі аяқталды. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Грузия, Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей және ТЖЫҰ комитетінің өкілдері қатысты.

Кеңесте Келісімге қатысушы елдердің тасымалдаушылар арасында жүкті жеткізу мерзімін бөлу, жеткізу мерзімінен асып кеткені үшін жауапкершілік пен айыппұл, сондай-ақ бірыңғай (ХТТК) жүкқұжатын қолдану, оның ішінде жолдың су учаскелерінің қатысуымен тасымалдауға қатысты ұсыныстары қаралды.

"Біздің басты міндетіміз – ТЖЫҰ-ға қатысушы елдер кеңістігінде халықаралық қатынаста жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі негізгі құжатты жетілдіру. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ХТТК көлік қызметтерінің қазіргі заманғы нарығының жоғары стандарттары мен қажеттіліктеріне сәйкес келуіне, тасымалдар барынша тиімді, ыңғайлы және тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының күткені мен талаптарына жауап беруге бағытталған. ХТТК-ны қолдану келісімге қатысушыларға халықаралық тасымалдарды, оның ішінде Еуропа - Азия қатынасында бірыңғай стандарттар, бірыңғай жүкқұжат, бірыңғай шарттар бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ХТТК - бұл тек тасымалдау шартына ғана емес, сонымен қатар жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне, жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттарына және т.б. қатысты ережелерді қамтитын кешенді құжат", - деп атап өтті теміржол көлігі құқығы жөніндегі ынтымақтастық ұйымы комиссиясының төрағасы Елена Олексий.

Өзгерістер мен толықтырулардың алдын ала келісілген жобасы барлық Келісім  қатысушыларына қарау үшін жіберілетін болады. Осыдан кейін, егер қарсылық болмаса, өзгерістер күшіне енеді.

26 ел Халықаралық теміржол жүк тасымалдауы туралы келісім қатысушылары болып табылады. Әр ел келісімге өзінің өзгерістері мен толықтыруларын ұсынады, бұл құжатты икемді етеді.

Сарапшылар кеңесінің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті