Ұлы Абайды ұлықтады

Жаңалықтар
23.08.2024, 11:31
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту секторы «Абай – қазақ болмысының айнасы» атты мәдени-танымдық іс шара өткізді. Жиынға компания қызметкерлері мен тіл жанашырлары және ЖОО профессорлары мен мамандары қатысты.

Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ілияс Ерназаров модераторлық етті. Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен бейнеролик көрсетіліп, теміржолшылар ақынның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. Сырттан шақырылған қонақтардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мақсат Алпысбес, осы университет жанындағы «Абай академиясы» ҒЗИ бөлім басшысы Алтынай Асқарова сөз алып, һәкім Абай шығармашылығындағы ерекшеліктер мен философиялық тұжырымдардың бүгінгі күндегі мәні мен маңызы туралы баяндады. Ұйымдастырушылар тарапынан ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар бейнежазба арқылы дайындалып, соған дұрыс жауап бергендерге Абайдың құнды кітаптары сыйға тартылды. Өнерлі теміржолшылар ақынның танымал әндерін орындап, күй тартып көпшілікті тәнті етті. Мәдени кеште талантымен танылған қызметкерлер көп болды. «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының менеджері Әсем Сүйеуғазықызы, «КТZ Express» АҚ Салық және бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері Гүлназ Мұхаметкәрімқызы, «Жол диагностикасы орталығы» филиалының Мобильді диагностикалық кешені басшысының орынбасары Темірлан Абзалұлы ақынның ел аузында жүрген өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.  

– Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған мәдени-танымдық іс-шарамызды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұсынысы бойынша олармен бірлесіп өткізуді жөн көрдік. Біздің сектордың міндеттерінің бірі – компанияда ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейту, осы тұрғыда тамыз айында дүниеге келген ұлы ақынның шығармашылығы арқылы да іс-шаралар ұйымдастырудың тиімділігі зор, – дейді Мемлекеттік тілді дамыту секторының бас менеджері Меруерт Болатбайқызы.  

Жиын соңында «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы кәсіподақ комитетінің төрайымы Күләш Қабдырашитқызы сөз алып, мұндай іс-шаралардың бүкіл ел аумағында қалай ұйымдастырып жатқанына тоқталды және өнер көрсеткен қызметкерлерге кәсіподақ атынан сыйлыққа сувенир-кітаптар тарту етті.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады