316 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан ҚТЖ пойыздарымен жүрген

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға, оның ішінде арба қолданатындарға арналған арнайы купесі бар 95 вагон пайдаланылады. Мұндай вагондарда жолаушылардың арбамен вагонға кіріп шығуына мүмкіндік беретін көтергіш құрылғылар орнатылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Арнайы купеге билетті вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан немесе https://bilet.railways.kz/ сайты арқылы сатып алуға болады. Билеттерді рәсімдеу үшін ЖСН және мүгедектігін растайтын құжатты ұсыну қажет. Арнайы купелерде мүмкіндігі шектеулі жандар жеке немесе қасында ертіп жүрген адаммен бірге сапар шеге алады.  

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купесі бар коммерциялық және «Тальго» пойыздарында барлық мүгедектік топтар үшін, сондай-ақ, оларды ертіп жүрген адамдарына билетке 50% жеңілдік беріледі», – делінген Жолаушылар тасымалы таратқан мәліметте.  

Арнайы купеде екі жататын орын, тұтқалар мен қолжуғышы төмен орнатылған жуыну бөлмесі бар. Сондай-ақ, арнайы жиналмалы тұтқалар, шектеу құрылғысы, құлаудан сақтайтын қолдаушы белдіктер қарастырылған. Купе жолаушының өздігінен орын ауыстыруына мүмкіндік беретін қосымша белдіктермен және төтенше жағдайларда жолсерікті шақыру батырмасымен жабдықталған.  

Арнайы купенің техникалық жағдайы пойыздың рейске шығуына дейін әр сапар алдында тексеріледі. Техникалық қызмет көрсетуді мамандандырылған компания жүзеге асырады.  

Жолаушылар вагондарының жолсеріктері мен пойыз бастықтары мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы оқытудан өтеді.

Вокзал қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызға отыру және шығу кезінде көмек көрсетеді.  

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады