Дәстүрлі қаржы конференциясы өтті

Жаңалықтар
10.09.2024, 09:45
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйек күндері Астанада өткен «Astana Finance Days-2024» дәстүрлі қаржы конференциясының панельдік сессиясының бірі «Жаңа инвесторлар: борыш нарығы екпін алуда» тақырыбында өрбіді. Спикерлер борыштық құралдардың өсуіне ықпал ететін негізгі факторлар, сондай-ақ қор нарығында бизнесті жайғастырудың және нарықтағы қатаң бәсекелестік жағдайында инвесторлар базасын кеңейтудің тиімді стратегиялары туралы ойларын ортаға салды.

Талқылаудың мақсаты – борыш нарығының стратегиясы мен құрылымына, жаңа үрдістерге кешенді шолу жасау, өзекті мәселелерді және инновациялық биржалық өнімдерді қарастыру болды.  

Инвесторлар базасын әртараптандыру – табыс кілті, сондықтан сессия барысында шекаралық нарықтарда жергілікті борыш нарығына маманданған инвестқорларды тарту тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар орнықты қаржыландыруды дамыту және борыштық құралдар институционалдық инвесторларға кірісті қамтамасыз етіп, осылайша дамып келе жатқан және шекаралас экономикасы бар елдерге капитал ағынын ұлғайта отырып, нарықты кеңейту катализаторы ретінде қалай қызмет ететіндігі талқыланды.  

Панельдік сессия спикерлерінің бірі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев өз сөзінде Қазақстан – жаһандық маршруттардың қиылысында транзиттік хаб ретінде әрекет ететінін, ал транзит негізгі табыс көзі ретінде бүкіл экономикаға мультипликативтік әсер беретінін, Дүниежүзілік банктің бағамы 1-ден 3%-ға дейін құрап, ағымдағы дамуына ықпал ететінін атап өтті.  

Ал транзиттік әлеуетті дамыту үшін әлбетте аса ауқымды қаражат керек, қазір транзиттік артықшылыққа ие болу үшін бәсекелестік күрес жүріп жатыр. Әрбір жаһандық ойыншының қолында өз бағдарламасы бар, сондықтан ақша тарту үшін жаһандық қаржы институттары мен инвесторлардың қатысуы қажет етілуде.

– Теміржол инфрақұрылымын дамыту ЖІӨ-нің өсуіне айтарлықтай үлес қосады. Жобаның әрбір кезеңінде, айталық құрылыс және пайдалану кезеңінде ҚТЖ инфрақұрылымдық жобаларының салымы ЖІӨ-ге қосымша 1%-ға дейін жетеді. Осы ретте белгілі бір жүктерді (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жүктер) тасымалдауға арналған төмен тарифтер есебінен Компания экономиканың аралас салаларын субсидиялауды жүзеге асыратынын атап өтпекпін. Дәлірек айтсақ, реттелетін тасымалдардағы жүктердің 70%-дан астамы өзіндік құннан төмен жүзеге асырылады. Мәселен, ТМД елдерінің кеңістігінде бізде ғана тарифтердің ең төмен деңгейі белгіленген, айталық, Қазақстанда тариф Тәжікстанға қарағанда орта есеппен 6 есеге, Арменияға қарағанда 5 есеге, Ресейге қарағанда шамамен 2 есеге төмен. Алайда, тарифтің төменділігі теміржол инфрақұрылымын дамытуға инвестицияларды өтеуге және тартуға мүмкіндік бермей отыр. Соған қарамастан Компания өзінің тиімділігін көтеруге жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Негізгі өндірістік-қаржылық көрсеткіштер оған дәлел. Мәселен, 2021-2023 жылдары таза пайда (акционерге қатысты) 2021 жылы 120,6 млрд теңгеден 2023 жылы 136,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал EBITDA көрсеткіші 21%-ға, кіріс 45%-ға, тарифтік жүк айналымы 12%-ға өсті. ҚТЖ-ның  қаржылық тұрақтылығы жыл сайын халықаралық рейтингтік агенттіктердің (Moodys – «Baa2», S&P – «BB», Fitch – «ВBB-») ҚТЖ рейтингін беру жолымен расталып отыр, – деді Нұрлан Сауранбаев.  

Десе де, теміржол саласын реформалауды табысты жүргізу үшін тарифтік жүйені қайта қарау қажет. Мұны Мемлекет басшысы да жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті. Жалпы бұл жұмысты ҚТЖ Үкіметпен бірлесіп 2022 жылдан бастап жоспарлы түрде жүргізіп келеді, нәтижесінде тарифтердің деңгейін рентабельділікке кезең-кезеңімен жеткізу күтілуде екен. Компания басшысының айтуынша, бұл іс-шаралар Үкіметтің «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны 2025 жылы IPO-ға шығару жөніндегі жоспарына сәйкес келіп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, жоспарланған IPO-ны ұйымдастыру және өткізу үшін Citi, JP Morgan және Societe Generale сынды халықаралық консультанттар мен жаһандық үйлестірушілер тартылған. Олар өз кезегінде, тариф деңгейін арттыру және қарызды төмендету, сондай-ақ салынған инвестициялардан кірісті арттыру қажеттілігін растап отырған көрінеді. Сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылықты арттырудың маңызды шарттарының бірі ҚТЖ ҰК АҚ-ға транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға айрықша құқық берілуі болып отыр.  

 

Жаңалықтар
20.03.2026
Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді
Темір жол тарихы
20.03.2026
«Алтын кітап» қорына енді
Жаңалықтар
20.03.2026
ҚТЖ мен Huawei теміржол тасымалына ЖИ қолдану арқылы озық технологияларды енгізуді талқылады
Спорт
20.03.2026
«NAURYZ FEST»: Ұлттық өнер сайысы
Инфрақұрылым
20.03.2026
Стратегиялық маңызы бар бекеттердегі жөндеу жұмыстары
Спорт
20.03.2026
Тоғызқұмалақтан асық атуға дейін...
Жаңалықтар / Мұрағат
20.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №21 20 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
19.03.2026
ҚТЖ басшысы ҚХР технохабтарында болды
Әлемде
19.03.2026
Қытайда теміржол көлігіндегі инновациялар бойынша 10-шы жастар байқауы өтті
Инфрақұрылым
19.03.2026
Қызылорда және Ақтөбе теміржолшыларының бірлескен жұмысы нәтиже беруде
Әлеумет
19.03.2026
Өмір сыйла: ҚТЖ-да Донор күні өтті
Әлемде
19.03.2026
РЖД екі метрлік сөрелері бар яхта стилінде жасалған купе вагонын таныстырды
Жаңалықтар
19.03.2026
Астанада ТХКБ, ЭЫДҰ стандарттары және RES 2026 мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
18.03.2026
Алматы айналма желісінің жобасы ХҚК марапатына ие болды
Жолаушылар тасымалы
18.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар шығады
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстанда жүк вагондарын тіркеудің жаңа қағидалары күшіне енді
ҚТЖ келбеті
18.03.2026
Сақ аруларының сарқыты
Жаңалықтар
18.03.2026
Көлік министрлігі су тасқыны кезеңіне теміржол инфрақұрылымының дайындығын пысықтады
Әлемде
18.03.2026
Қырғызстан «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасының қатысушыларын ҚҚС-тан босатты
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстан мен Қытай шекарасында құрғақ порт ашылды