Мемлекеттік тіл мәртебесі ұлықталды

Жаңалықтар
24.12.2024, 09:22
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның биылғы маусымдағы отырысының шешіміне сәйкес мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында жаттықтырушылар мен халыққа танымал тұлғаларды тарту арқылы іс-шаралар ұйымдастыруға шешім қабылданған.  

Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының Мемлекеттік тілді дамыту секторының ұйымдастыруымен «Тіл құбылысының ұлттық мазмұны және мемлекеттік мәртебесі» тақырыбындағы шеберлік сабағы бұрын қатысқан қызметкерлердің талап-тілегі бойынша тағы да ұйымдастырылып, одан әрі жалғасын табуда.    

Компания кітапханасында өткен шеберлік сабағын бұл жолы да көптің сұрауымен мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ұлт және тіл жанашыры Оразкүл Асанқазықызы өткізді. Жиын мақсаты – компания қызметкерлерінің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге деген ниетін ояту, ұлттық құндылықтарымыздың мазмұнын ашып, қоғамға қызмет етуге мемлекеттік тілдің әлеуетті екендігіне көз жеткізу, теміржолшылардың ана тілінде сөйлеуге, жазуға, ойлауға деген құлшыныстарын арттырып, қазақ тілін іс жүзінде пайдалануға шабыт беру. Бұл жолы жиынға Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, тораптық деңгейдегі филиалдардың, еншілес ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.  

– Ұлттық намысымызды оятатын, жанды жерімізге тиетін сөздер айтты. Қазақша білмейміз деп айта алмаймыз, ана тілімізде сөйлейміз. Техникалық терминдерді қазақша сөйлету қиын. Ол ретте сөздіктерді қолданамыз. Жалпы жұмыс жүріп жатыр. Ал Оразкүл апайымыздың сабағына қатысу арқылы біз басқа, одан да терең нәрсені ұқтық. Күнделікті мемлекеттік тілге қатысты мәселелерге асықпай, ақыры іске асырылады деп екінші орынға қойып келсек, бұл сабақтан кейін оны мүлдем екінші орынға қоюға болмайтынын, уақыт өтіп жатқанын, әрекет ету керектігін және оны өзімізден бастау керегін  түсіндік, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Біріктірілген жоспарлау дирекциясының бас менеджері Гүлзада Тұрғалиева.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады