Тіл секторының жұмысы қорытындыланды

Жаңалықтар
13.02.2025, 11:37
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияда мемлекеттік тіл саясатын іске асырумен айналысатын Мемлекеттік тілді дамыту секторы былтырғы жұмысын қортытындылады. Осы бағытта алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға белсенді атсалысқан департаменттер мен жекелеген қызметкерлер Аппарат басшысы Серік Кеулімжаевтың Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды.  

ҚТЖ-да мемлекеттік тіл саясаты бірнеше бағыттар бойынша іске асырылады. Оның ішінде ұлттық әдістемелік әдіснамамен қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілді оқыту және оны қолдануға, құжат айналымындағы үлесін арттыруға назар аударылады.  

– Тоқсан сайын құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне талдау жасап, ескерту хат жіберіп отырамыз. Бұл біздің ғана емес, Үкіметтің қойып отырған талабы. Бәріміз бірігіп, сол талап бойынша компаниядағы қазақ тілінің қолданылу деңгейін 81 пайызға жеткізуіміз керек. Тағы бір бағытымыз – мемлекеттік тілді насихаттау. Ол үшін тілдің мәртебесін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Құқықтық-әдістемелік қамтамасыз ету жағынан да көп жұмыстар атқарылуда. Біздің сектор қызметкерлерінің күшімен былтыр теміржол нысандарының атаулары жинағын әзірленді, сондай-ақ жұмыс барысында жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жинағы шықты, – деді сектор басшысы Ербол Тоқтағазы.  

Оның айтуынша, өткен жылы аталған сектор өңірлердегі теміржол қызметкерлерін «Қазтест» бойынша сынақтан өткізген. Жалпы 3 502 адам осы сынақтан өткен. Соның ішінде теміржолшылардың 68 пайызы В1 және одан жоғары көрсеткіш көрсеткен, демек осынша адам қазақ тілінде оқи алады, сөйлейді, жаза біледі. Бірақ құжат айналымы әлі де төмен. 2023 жылы компанияда құжат айналымының 35 пайызы ғана қазақ тілінде болған. Былтыр мемлекеттік тілдің құжат айналымындағы үлесі 45 пайызға көтерілген. Ішкі құжаттар 34 пайызға ұлғайған.  

Жиын барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен Әскерилендірілген теміржол күзеті мекемелерінде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды.  

– 2024 жылдың І жартыжылдығында серіктестіктің орталық аппаратынан 30 департамент және 13 филиал арасында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бейнечеллендж ұйымдастырылды. Аталған акция бойынша қызметкерлер белсенді жұмыс атқарды. Бұл іс-шара қазақ тілін кеңінен насихаттауға септік етті. Серіктестіктің қазақ тіліндегі құжат айналымын 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 80%-ға жеткізу мақсаты өте маңызды қадам. Осы мақсатқа жету үшін ай сайын кеңсе қызметкерімен тығыз жұмыс жасалуда. Нәтижесінде шығыс хаттардың үлесі өткен жылы 87% дейін көтерілді, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Мирамгүл Ахметова.

Отырыс соңында былтыр құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыруда үздік нәтиже көрсеткен бөлімшелер мен іс-шаралар өткізуде белсенділік танытқан қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды. Сектор басшысы барлық теміржолшыларды осы жоспарға сәйкес биыл да бірлесе қарқынды жұмыс істеуге шақырды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті