25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жария тыңдауда 2024 жылғы көрсеткіштер мен биылғы міндеттер таныстырылды

Жаңалықтар
25.04.2025, 08:42
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияның бас ғимаратында ҚТЖ қызметі туралы жыл сайынғы жария тыңдау өтті. Жиында Магистральдық желі дирекциясының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов пен дирекция директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович өткен жылғы жұмыстар жөнінде есеп берді.

Жиында алдымен ҚТЖ-ның былтырғы қызметінің нәтижелері мен биылға алған басым міндеттер туралы баяндалды. Соның ішінде компания тарапынан ұсынылатын қызметтер көлемі, былтырғы монополия қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері, тариф сметасын орындау, инвестициялық бағдарламаның атқарылуы, көрсетілген қызметтердің сапасы, реттелетін қызметті тұтынушылармен жүргізілген жұмыстар, даму жоспары, тағысын тағы жайттар сөз болды.  

– ҚТЖ табиғи монополия субъектісі ретінде: магистральдық теміржол қызметтерін, кіреберіс жолдар қызметтерін, электр энергиясын тарату қызметтерін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан теміржолы желісінің эксплуатациялық ұзындығы 16 008,5 км болса, соның ішінде бір жолды желілер 10 990,6 км құрайды. Электрлендірілген жол ұзындығы 4237,5 км. Мемлекетаралық түйісу нүктелерінің саны – 16. Барлығы 831 станция, 12 магистральдық желі бөлімшесі, 46 ПЧ, 25 ЭЧ, 36 ШЧ, 301 вокзал ғимараты бар, – деп мәлімет берген А.Кирович әрі қарай қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.  

Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында бүгінде компания «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР стратегиялық құжаттар негізінде әзірленген 2023-2029 жылдарға арналған Магистральдық теміржол желісі нысандарын дамыту бағдарламасын басшылыққа алады. Бұл жұмыстар «тар жерлерді» жоюға қатысты және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы жолдың өткізу қабілетін арттыруды қарастырады, бұл ретте компания қызметкерлерінің денсаулығы мен еңбек қорғау жағдайын және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезекте назарға алынады.

– Негізгі, мақсатты бағдарламаларды орындау аясында Достық – Мойынты телімінде екінші жол салу, Дарбаза – Мақтаарал теміржол құрылысы, Алматы торабында айналма жол желісін салу сияқты теміржолдың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар 11 станция мен бекеттерде 14 жол қалпына келтірілді. Арыс станциясында жұп дөңесті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, бұл қайта өңдеу деңгейін тәулігіне 3300 вагоннан 5200 вагонға дейін арттыруға септік етті. Сарыағаш станциясында инспекциялық тексеру кешенін айналып өтетін жол құрылысы салынып, бұл өткізу қабілетін тәулігіне 35 жұп пойыздан 40 жұп пойызға дейін көбейтуге ықпал етті. Жиренайғыр, Көктөбе, Алаайғыр станцияларында съездер салу аяқталды. Жол жағдайын жақсарту мақсатында Астана – Қарағанды – Мойынты телімінде RM машиналарымен 97 км жолда өңдеу жұмыстары жүргізілді. 2,3 санаттағы жасанды құрылыстардың 2588 ақауы жойылды. Жол жөндеу бойынша жоспарланған 1401 км болса, нақты 1430 км жол жөнделді, оның ішінде 570 км жол күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 365 км Қарағанды – Астана – Ерейментау телімінде 2 тартымдық трансформаторды ауыстыру есебімен тартымдық электрмен қамту тұрақтылығы қамтамасыз етілді, – деген баяндамашы атқарылған жұмыстарды түгел тізбектеп өтті.  

Сонымен қатар спикер биылғы жылғы міндеттерді де баяндап өтті. Айтуынша, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды аяқтау, жолдарды, көпірлерді жөндеу және жаңғырту, теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру бағдарламасын жүзеге асыру, өндірістік ғимараттарды жөндеу, модульдік үй-жайлар, автокөліктер, кіші механизация, жиһаздар, кеңсе техникаларын және тағы басқа қажеттіліктерді алу, жолдарды қалпына келтіру, жол машиналары кешенін қолдана отырып жолдарды сауықтыру, жөндеу жұмыстарын қарастыратын өндірістік бағдарламаны орындау жұмыстары биыл да жалғасын табатын болады. Жиынға бейнеконференция арқылы онлайн қатысқан сала мамандары баяндамада айтылған деректер бойынша сауалдарын жолдап, дирекцияның қызметі мен қаржылық саясатына қанықты.

 

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді