Абай мұрасы насихатталды

Жаңалықтар
01.07.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті «Абай – ғасырлардан жеткен мұра» атты поэтикалық кеш өткізді.

Мемлекеттік тілді дамыту секторы қолдау білдірген жиынға аталған департамент директорының орынбасары Ілияс Ерназаров модераторлық етті. Кешке абайтанушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Әубәкір Жандос қонақ ретінде қатысып, ақын жайлы ой-толғанысымен бөлісіп, ұлы ойшылдың қара сөздерінің философиялық маңызына тоқталды.  

Ілияс Ерназаров бұл кеш арқылы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының мол мұрасын жаңаша форматта, яғни өнер, бейне және интерактив арқылы насихаттау көзделіп отырғанын жеткізді. Кештің алғы сөзін айтқан Мемлекеттік тілді дамыту секторының басшысы Ербол Тоқтағазы Абайдың орны – тек поэзияда ғана емес, стрировали сплоченную игру. По словам председателя профсоюзного комитета ЭЧ-12 Акадыр Самгата Егинбаева основная цель қазақ мәдениетінде, ой-санасында, философиясында да ерекше екенін атап өтті.  

Одан әрі департамент қызметкерлері ақынның өлеңдерін оқып жарысты. Атап айтқанда, департамент менеджерлері Аяулы Қазыбек пен Диас Шарафадин, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС менеджері Әйгерім Ахметова ақынның танымал өлеңдерін жатқа оқып, көпшіліктің құрметіне ие болды.

Келесі кезекте кешке қатысушылар «Kahoot» ойынына қатысып, Абай мен оның шығармашылығы туралы білімдерін сынға салды. Интеллектуалдық ойынды дайындаған Мемлекеттік тілді дамыту секторының бас менеджері Меруерт Ақбердиева ұлы ақынның мұрасын жан жақты қамтығаны белгілі болды. Дегенмен, департамент қызметкерлері де қаражаяу емес екендерін байқатып, көп сауалдарға дұрыс жауап беріп, жұмбақтар шешімін таба білді. Жүлделі орын алғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады