Транскаспий дәлізі: Қазақстанның көлік және цифрлық инфрақұрылымдағы жаңа бағыты

Жаңалықтар
10.07.2025, 12:17
Сурет: gov.kz

Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Әсіресе Орта дәліздің өзектілігі күшейе түсті. Жақында Каспий теңізінің түбімен Қазақстан мен Әзербайжан арасында жоғары жылдамдықты интернет-кабель тарту жұмыстары басталды. Сонымен бірге, Транскаспий мұнай-газ құбырын салу мүмкіндігі де зерделеніп жатыр, деп жазды egemen.kz.

2024 жылдың қорытын­дысында Орта дәліз арқылы тасымал көлемі бұрнағы жылмен салыстырғанда 65%-ға арт­қан. Еуразияның дәл орта тұсы­на орналасқан елімізде 11 халықаралық транзиттік дәліз бар. Өткізу қабілетін арттыру мен жүк тасымалындағы жағдайды жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 1,3 мың км болатын 4 ірі теміржол жобасының құрылысы жалғасып жатыр. Олардың қата­рында Достық – Мойынты, Алма­ты айналма желісі, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз темір­жол магистралдары бар. Бұл жобалар тауар тасымалдау мен логистикалық инфрақұрылымды жақсарту үшін стратегиялық маңызға ие.

Былтыр 12 мың км автожол жөндеуден өтсе, соның 7 мыңында жұмыс аяқталды. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш, Бұқтырма көпірі, Шамалғандағы жол айрығы мен Түркістан өңіріндегі тунель транзиттік қозғалыстың сапасын едәуір арттырды. Биыл жөндеу жұмыстары 13 мың км жолды қамтиды. Оның қатарында республикалық маңызы бар жолдардың 2 мың км-де қайта жаңғырту, облыс орталықтары арасындағы 6,6 мың және жер­гілікті жолдардың 4,2 мың км-і жөнделмек. Жыл соңына дейін 9 мың км жолда жұмыстар то­лық аяқталалы.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес, 10 мың км транзиттік автожолда ор­таша жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба «Қазақ­стан Даму Банкі» арқылы қаржы­ланды­рылған. Жөндеу жұмыстары өңір­аралық және ауданаралық байланыстарды жақсартады. Негізгі бағыттар – Қандыағаш – Шалқар, Жезқазған – Петропавл, Атырау – Доссор, Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы, Қарағанды – Аягөз.

«Орташа жөндеу реконс­трукциямен салыстыр­ған­да 7 есе арзан әрі 2 есе жылдам жүреді, сондықтан бұл әдіс транзиттік инфра­құрылымды тиімді дамы­туға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар республикалық жол­дар­дың 94%-ын нормативтік талаптарға сәйкестендіруге жол ашады. Бұл өз кезегін­де транзит ағынын тарту­ға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және экономикалық тиімділікке оң әсер етеді», дейді Көлік министрлігі, Автожол комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті