2025 жылдың 13 тамызында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері 29 жастағы Гана Республикасының азаматын анықтаған, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ол Астана станциясының локомотив депосы аумағында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Құқықбұзушы жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ оған еліміздің аумағына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып шетелдік азаматты жұмысқа тартуға жол берген жұмыс беруші де заңға сәйкес жазаланды.