ҚТЖ мен China COSCO Shipping стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Жаңалықтар
30.08.2025, 10:56

Шанхайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Еран Қойшыбаев China COSCO Shipping Corporation Вице-президенті Лин Цзи мырзамен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар бірлескен жұмысты қорытындылады және көліктік-логистикалық қызметтер саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстанның Шығыс - Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы  негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған инфрақұрылымды дамытудың негізгі стратегиялық жобаларын ұсынды.

Тиімді халықаралық әріптестіктің үлгісі болған Khorgos Gateway бірлескен жобасының сәтті жүзеге асырылуы ерекше атап өтілді.  

Сондай-ақ, жаңа терминалдық қуаттылықтармен бірлесіп жұмыс істеу, мультимодальды тасымалдарды дамыту, сондай-ақ Каспий өңірі мен Еуропадағы логистикалық жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту, халықаралық логистикалық маршруттарды кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін «ҚТЖ «ҰК» АҚ мен COSCO Shipping арасындағы серіктестіктің стратегиялық маңыздылығы атап өтілді.  

COSCO SHIPPING-штаб-пәтері Шанхайда орналасқан әлемдегі ең ірі көлік-логистикалық холдингтердің бірі.  

Компания 1600 астам кемеден тұратын флотты басқарады және контейнерлік тасымалдау, порт инфрақұрылымы және мультимодальды логистика бойынша көшбасшы болып табылады.  

COSCO SHIPPING жаһандық желісі 144 елдегі 594 портты қамтиды және компания Fortune Global 500 рейтингінде 212-ші орында.  

2024 жылдың қорытындысы бойынша COSCO Shipping кірісі $33.29 млрд, таза пайда — 6 6.87 млрд. Контейнерлік тасымалдау көлемі 25.9 млн ЖФБ, ал порт жүк айналымы — 144.03 млн ЖФБ-ны құрады.

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты