ҚТЖ Қытайға өсімдік майын тасымалдаудың жаңа форматын іске қосты

Жаңалықтар
02.09.2025, 10:01

ҚТЖ күнбағыс майын флекситанк көмегімен 40 футтық контейнерлерде алғашқы жөнелтуді жүзеге асырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пилоттық партия Предгорная станциясынан (Шығыс Қазақстан облысы) Достық-Алашаңқай шекара өткелі арқылы Нантун қаласына (Цзянсу провинциясы, ҚХР) жөнелтілді.

Флекситанктер – бұл контейнерлер ішіне орналастырылған икемді резервуарлар. Олар 26 тоннаға дейін сұйық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл жүктің  сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді және ағып кету мен ластану қаупін азайтады.

Жөнелту рәсіміне ҚТЖ және Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының өкілдері қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2020 жылдан бастап флекситанкаларды пайдалана отырып, 20 футтық контейнерлерде өсімдік майларының экспортын белсенді дамытып келеді, бұл қазақстандық май өнімдері үшін аса ірі нарыққа жеткізу көлемінің өсуіне ықпал етеді. 40 футтық контейнерлерде жаңа жөнелту экспорттық тасымалдауды кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Соңғы бес жылда Қытайға өсімдік майларын жеткізу 10 есе өсті.  

Жоба 2025 жылғы маусымда Чжэнчжоуда ҚТЖ мен «Қытай темір жолдары» мемлекеттік корпорациясы арасындағы тасымалдауды ұйымдастыру және маркетинг жөніндегі сарапшылар тобының кеңесінде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде іске асырылды.  

Контейнерлерді флекситанктермен жарақтандыру бойынша техникалық жұмыстарды Қазақстан мен Қытайдың теміржол әкімшіліктерінің талаптарына толық сәйкес осындай жабдықты орнатуға маманданған қазақстандық компания орындады.

ҚТЖ — «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалының өкілі Қайрат Жұмабаев атап өткендей, флекситанктарды пайдалану тасымалдау шығындарын едәуір қысқартуға, тиеу және түсіру процестерін жеделдетуге, сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚТЖ инновациялық логистикалық шешімдерді дамытуды, тасымалдау процестерін оңтайландыруды және жаңа экспорттық бағыттарды ашуды жалғастыруда, бұл Қазақстанның халықаралық нарықтардағы ұстанымын нығайтуға және ұлттық экономиканың өсуіне ықпал етеді.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Аймақтар
15.05.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін күзеткен теміржолшылардың аналарына құрмет көрсетілді
Инфрақұрылым
15.05.2026
Жаңаланған жолдар – қауіпсіздік кепілі
Аймақтар
15.05.2026
Көктемгі байқау кемшіліктерді анықтады
Аймақтар
15.05.2026
Семейлік теміржолшылар қаржылық сауаттылығын арттыруда
Жаңалықтар
15.05.2026
Астанада жас теміржолшылар үшін кәсіби бағдарлау курсы өтті
Аймақтар
15.05.2026
Әмбебап маман
Аймақтар
15.05.2026
Қауіпті сейілткен теміржолшының анасы алғысқа бөленді
Аймақтар
15.05.2026
Бір жұмысшы – бір өсімдік
Жаңалықтар / Мұрағат
15.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №37 15 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Солтүстік Қазақстандағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақтар
14.05.2026
Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты
Әлемде
14.05.2026
Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр
Инфрақұрылым / Инфографика
14.05.2026
Қазақстанда темір жолдарды жаңғыртудың жоспарланған көлемінің үштен бірі орындалды
Аймақтар
14.05.2026
Ардагерге тағзым – ұрпаққа өнеге
Жаңалықтар
14.05.2026
Шу станциясында полицейлер азаматты ажалдан аман алып қалды
Жолаушылар тасымалы
14.05.2026
1 маусымнан бастап Семей – Жалаңашкөл бағыты бойынша жол жүру тарифі өседі
Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді