Көшпелі комиссия 125 вокзалдағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Жаңалықтар
07.09.2025, 17:11
Оқуға 1 мин

“ҚТЖ” ҰК” АҚ вокзалдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда. Бір мезгілде еліміздің 125 вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

“ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша көшпелі комиссиялар құрылып, 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында объектілердің алдағы жылу маусымына дайындығына кешенді тексеру жүргізді.

Уақытша ғимараттардың жай-күйі және олардың алаңы мен жабдықталуы бойынша талаптарға сәйкестігі, жылыту, жарықтандыру жүйелерінің және ақпараттық сервистердің жұмыс істеуі тексерілді. Қауіпсіздік шараларына, жолаушылар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кассирлердің, анықтамалық қызметтердің және вокзал бойынша кезекшілердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.  

Комиссиялар объектілердің жай-күйін тіркеп қана қоймай, мердігер ұйымдар мен жауапты қызметтерге тапсырмалар бере отырып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдады.

Тексеру нәтижелері жергілікті атқарушы органдар мен мердігер компанияларға жеткізілді, олар уақытша үй-жайлардың жылу беру маусымына уақтылы дайындығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Жасалған шарттар шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасы мен мерзімдері үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдар ұсынған мердігерлік ұйымдарға жүктелген.

Вокзалдарда және жолаушы пойыздарында бір мезгілде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жөндеу жұмыстарының барысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Комиссиялардың қайта шығуы 15-20 қыркүйек аралығында жоспарланған.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?