ҚТЖ-да еңбек қорғау және экология бойынша корпоративтік олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар
12.09.2025, 17:10

ҚТЖ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ экология мамандары арасында корпоративтік олимпиадалар аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Олимпиада кешенді кәсіби тапсырмаларды қамтыды және үш кезеңнен тұрды:  

I кезең – тест сұрақтарына жауап беру,  

II кезең — ситуациялық мәселелерді шешу,  

III кезең - блиц-сауалнама.  

Іс-шараның мақсаты - қауіпсіздік және экология саласындағы мамандықтардың беделін арттыру, кәсіби өсуді ынталандыру және еліміздің барлық өңірлерінен келген мамандар арасында тәжірибе алмасу.  

Еңбек қорғау бойынша корпоративтік олимпиаданың жеңімпазы Арыс вагон пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Әмір Жұмағали болды. Екінші орынды Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің жетекші инженер-технологы Бақытнұр Ермекова иеленді. Үшінші орынды "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының өндірістік-техникалық секторының жетекші инженері Олеся Мирамова жеңіп алды.  

Экология бойынша корпоративтік олимпиадада бірінші орынды Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері Лаура Жамшитова иеленді. Екінші орынды "ӘТЖК" ЖШС Павлодар филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманы Қапар Рахымжанов иеленді. Үшінші орында — Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері (экологы) Олжас Ерменбетов.  

Сонымен қатар олимпиаданың жекелеген қатысушылары арнайы марапаттарға ие болды. ҚТЖ корпоративтік олимпиадалары мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және еңбек қорғау мен экология саласында үздік тәжірибелерді енгізу бойынша маңызды іс-шараға айналды.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес