ҚТЖ-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Жаңалықтар
23.09.2025, 08:19
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК»АҚ «Әкімшілік басқармасы» филиалы «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Жиынды ашқан филиал директорының сервистік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Асхат Саликов ұлы ақынды ұлықтау ұлттық мұрамыз бен құндылықтарымызды дәріптеу екенін тілге тиек етті.  

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! – деді ол.  

Одан әрі компания қызметкерлері ақын шығармаларынан үзінді оқыды. Сондай-ақ «Әкімшілік басқармасы» филиалы қызметкерлерінің қатысуымен «Әділдік жайлы әңгіме» театрландырылған көрінісі қойылды. Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға кезек беріліп, белсенді қатысып, дұрыс жауап бергендерге кішігірім сый-сыяпаттар тарту етілді. Аталған филиал қызметкерлері, нақтырақ айтқанда, Асхат Саликов, Жандос Асылханов, Айнұр Смағұл, Айжан Қажымұратова, Бекзат Халилин ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. Әдеби кеште ақынның сазгерлігі туралы да айтылып, филиал қызметкері Ерболат Бейсеев Абайдың әнін домбырамен орындап берді.  

Компанияның Орталық аппарат ардагерлерінің төрағасы Берік Айтбеков сөз сөйлеп, кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысын білдірді. Кешке қатысушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бірге шырқады. Жиын филиал қызметкері Жандос Асылхановтың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. Кешке қатысушыларға арнап ұйымдастырушылар ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайып, бәріне дәмнен ауыз тигізді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады