Жолаушылар пойыздарында 500-ден астам тәртіп бұзушы анықталды

Жаңалықтар
08.10.2025, 09:38
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі полиция

Жыл басынан бері көліктегі полиция қызметкерлері пойыздардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 531 жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін пойыздан түсірілген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі – алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде қоғамдық орында жүру фактілері. Мұндай 496 жағдай тіркелген. Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылықтың 15 дерегі және басқа да құқық бұзушылықтар анықталған.

Мәселен, Алматы – Астана бағытындағы пойызда болған оқиғаны айтуға болады. Шу станциясында көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері масаң күйде балағат сөздер айтып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған Жетісу облысының 37 және 42 жастағы екі тұрғынын пойыздан түсірді.

Олар бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: қоғамдық орында алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық жасау және тыныштықты бұзу. Ұсақ бұзақылық фактісі сотқа жолданды.

Көліктегі полиция департаменті жолаушыларды ескертеді: пойыздарда қоғамдық тәртіпті бұзу айыппұл салуға немесе әкімшілік қамауға әкеп соғуы мүмкін.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады