ҚТЖ-да «Тәлімгерлік институты» жобасы іске қосылды

Жаңалықтар
15.10.2025, 16:56
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-да тәжірибелі қызметкерлерден жас мамандар мен жаңа қызметкерлерге білім, тәжірибе және корпоративтік құндылықтарды берудің тиімді жүйесін құруға бағытталған «Тәлімгерлік институты»корпоративтік жобасы басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жобаның басты мақсаты – Компанияның кадрлық әлеуетін нығайту, еңбек тиімділігін арттыру және теміржолшылар ұрпақтары сабақтастығын қалыптастыру. 

Жобаны іске асыру шеңберінде мынадай түйінді міндеттерді шешу жоспарлануда:

– лауазымға тұру кезеңін қысқарту есебінен жаңа қызметкерлер мен жас мамандардың бейімделуін жеделдету;

– тәжірибелі қызметкерлерден практикалық тәжірибені, кәсіби білім мен дағдыларды сапалы беруді қамтамасыз ету; 

– қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттерін (hard & soft skills) дамыту; 

– корпоративтік құндылықтар, Компанияның миссиясы мен стандарттарына адалдық ұстамына тәрбиелеу; 

– персоналдың адалдығы мен жұмысқа тартылуын арттыру есебінен кадрлар  ағының төмендету; 

–  кадр резервін қалыптастыру және дамыту, одан әрі мансаптық өсу үшін перспективалы қызметкерлерді анықтау; 

- өндірістік қауіпсіздік саласында практикалық тәжірибе алмасу арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейін арттыру. 

Жоба аясында тәлімгерлер мен тағылымдамашылар пулы құрылады. Тәлімгерлер арнайы дайындықтан өтеді, содан кейін тағылымдамадан өтушілер бекітілген тізімнен тәлімгерді өз бетінше таңдай алады. Тәлімгермен бірлесіп мастер-кластар, техникалық сабақтар, тренингтер және практикалық мысалдарды көрсету форматында оқытуды қамтитын тәлімгерліктің жеке жоспары әзірленетін болады.

Тәлімгерлік процесі апта сайынғы тұрақты кездесулерді, сындарлы кері байланыс алмасуды және тәлімгерлердің қызметін белгіленген критерийлер бойынша бағалауды қамтиды. Тәлімгерлер пулын қалыптастыру кезінде Компаниядағы жұмыс өтілі, кәсіби құзыреттілік пен біліктіліктің жоғары деңгейі ескерілетін болады. 

«Тәлімгерлік институты» жобасын іске асыру корпоративтік мәдениетті нығайтуда, адами капиталды дамытуда және ҚТЖ қызметі  тиімділігін арттыруда маңызды қадам болады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды