«Поттер пойызы» қазақ тіліндегі жаңарған бағдарламасымен және жаңа кейіпкерлерімен жолға шығады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Поттер пойызы» атты мәдени жобаның жаңартылған бағдарламасын ұсынады. 25 қазан күні көрермендер шоу бағдарламасын толықтай қазақ тілінде тамашалап, жаңа кейіпкерлермен кездеседі. Бұл қойылым бұрынғыдан да әсерлі, жарқын әрі динамикалық сипатқа ие болмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінге дейін бұл сиқырлы сапарға 1500-ден астам ересек пен бала қатысып, саяхат пен театрландырылған қойылымды үйлестірген ерекше форматты жоғары бағалады.

Сапар барысында жолаушыларды келесі бағдарлама күтеді:

– сиқырлы әлемнің басты кейіпкерлерімен кездесіп, шоуды тамашалау – Гарри, Гермиона, профессор Дамблдор және жаңа қосылған кейіпкерлер;

– интерактивті ойындар мен костюмдегі актерлермен суретке түсу;

– балаларға арналған естелік сыйлықтар – сиқырлы таяқшалар мен тақырыптық кәдесыйлар.

Мерекелік пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша жүреді. Жөнелту уақыты – 17:40 (Астана уақыты бойынша). Жолаушыларға пойыз жөнелтілуіне дейін алдын ала 30 минут бұрын келу ұсынылады.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз құзыреті шегінде жылжымалы құрамды және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама мазмұны, қатысу шарттары мен билет алу жолдары туралы қосымша ақпарат ұйымдастырушының ресми Instagram-парақшасы @poezd_pottera жарияланады.

Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды