Алматыда мұрағат ашылды

Жаңалықтар
27.12.2025, 11:54

Бүгін, 27 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының мұрағаты  ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мұрағатта 1930–2022 жылдар аралығын қамтитын Алматы магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол кәсіпорындарының 69 қоры бойынша 133 093 тұрақты сақтауға жататын мұрағат ісі жинақталған.

Мұрағат келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетіп, анықтамалар береді:

- жалақы және еңбек өтілін растау туралы

- зейнетақы рәсімдеу үшін қажетті еңбек жағдайлары мен жұмыстың ерекше сипатын нақтылайтын анықтамалар

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың ірі жобалары туралы мәліметтер.

Мұрағат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен, клиенттік қызметтермен және Алматы қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Мұрағаттың ашылуы аясында  көліктің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов қар тазалайтын техниканың кілттерін, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппаратының басқару пультін табыстады.

Жақын арада басқа бөлімшелерге 211 бірлік техника және 63 бірлік қар тазалайтын техника берілетін болады.

Сондай-ақ Талғат Алдыбергенов мұрағаттың ашылуы мен жұмысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алматы сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері Ахмиев Берік Нұрлыбекұлына алғыс хат табыстады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов мұрағатты дайындау және ашу жұмыстарына қатысқан қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда