«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу сапасын арттыру мақсатында «Ресми құжаттардың стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары» тақырыбында арнайы жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның міндеті - қызметкерлердің құжат дайындау сапасын жақсартып, мемлекеттік тілде дайындалатын ресми іс қағаздарының стильдік ерекшеліктерін, нормаларын және емле қағидаларын таныстырып, құжатты сауатты жазу тәртібі мен оған қойылатын талаптарды көрсету, сондай-ақ құжат тілінің бірізділігін сақтау.  

Семинар-тренинг түрінде өткізіліп жатқан шараға Компанияның орталық аппараты мен филиалдары және Астана қаласындағы еншілес ұйымдарының жалпы саны 200-ге жуық қызметкері тартылды.  

Компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторы қызметкерлері әзірлеген осы семинарды алдағы уақытта өңірлік кәсіпорындар қызметкерлеріне де өткізу жоспарланған.  

Семинар-тренинг үстіміздегі жылы да жалғасын тауып, құрылымдық бөлімшелердің жеке өтініштері бойынша қайталанып өткізілетін болады.  

Осыған ұқсас тағы бір жобаны Сектор қызметкерлері әзірлеп жатыр. Ол бірін-бірі толықтыра түсетіні сөзсіз.