«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

Жаңалықтар
29.01.2026, 10:47
Сурет: Көліктегі полиция

Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру және «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені мен «Астана-Жезқазған» бағытындағы жолаушылар поезында «Жолдағы қабылдау» атты ауқымды профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Акция - құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ теміржол көлігі нысандарында азаматтардың құқықтық санасы мен жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталды. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтармен ашық диалогқа дайын әрі олардың өтініштеріне жедел ден қоюға әзір екендерін көрсетті.

Профилактикалық әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері жолаушыларға жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін, оның ішінде жол жүру кезінде ең жиі орын алатын ұрлық қылмыстарынң құрбаны болмауға, яғни ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмау керектігін еске салды.

«Біздің міндетіміз - әрбір азаматқа соның ішінде жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы қызметкерлеріне қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау», - деді Көліктегі ПД Анықтау басқармасының бастығы Бауыржан Садықанов. 

Ол вокзалдар мен әуежайларға, сондай-ақ поезд вагондары мен әуе кемелерінің салондарына атыс қаруын, оқ-дәрілерді, кастеттерді, пышақтарды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де қауіпті заттарды алып кіруге қатаң тыйым салынғанын, өйткені олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін айтты.

Сонымен қатар көлік прокуратурсының өкілдері жолаушыларға қырағылықты арттыруға бағытталған ақпараттық брошюралар мен буклеттер таратты. Бұл материалдарда көліктегі қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ әуе және теміржол көлігі нысандарында тыйым салынған заттарды сақтау, тасымалдау және беру құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны көрсетілген.

Іс-шара қорытындысы бойынша, прокуратура және полиция өкілдері көліктегі тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге - құқық қорғау органдары мен азаматтардың арасындағы тығыз өзара іс-қимыл мен белсенді азаматтық ұстаным арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында қоғамда қауіпсіздік пен әділеттілік қамтамасыз етіліп, «Заң және тәртіп» қағидаты жүйелі түрде іске асырылмақ.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды