ҚТЖ Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ірі магистральдық теміржол желісін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда. 2025-2026 жылдары жаңғырту 3 мың км учаскені – еліміздің барлық МТЖ-ның 25% қамтиды. Бүгінгі таңда 1140 км немесе жоспарланған көлемнің 38% орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба аясында қарастырылған:

▪️ 27 жаңа разъезд салу;

▪️ ірі станцияларда 6 қосымша парк салу;

▪️ қолданыстағы разъездерге 15 жаңа жол төсеу;

▪️ ең жүктемесі ауыр учаскелерде 32 км екінші жолдарды салу.

Сонымен қатар пойыздар қозғалысын басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы жүргізілуде.

Атап айтқанда, қарастырылған:

▪️ Ақсу – Жаңа-Семей, Тобыл – Қандыағаш, Қызылжар – Сексеуіл, Шалқар – Бейнеу учаскелерінде 2 188 км жолға цифрлық автоблоктауды енгізу;

▪️ 98 станцияны цифрлық автоблоктаужүйесімен біріктіру;

▪️ Жаңа-Семей, Шалқар және Бейнеу станцияларын 1950-ші жылдардағы релелік жүйеден 213 бағыттамалық бұрманы ауыстыра отырып, микропроцессорлық орталықтандыруға ауыстыру;

▪️ 38 релелік және 60 микропроцессорлық станцияларды бір цифрлық жүйеге интеграциялау;

▪️ Алтынкөл, Жаңа-Семей және Сексеуіл негізгі станцияларында үш сұрыптау жүйесін жаңғырту.

Жаңғырту қорытындысы бойынша жартылай автоматты бұғатталған учаскелердің (ЖАБ) үлесі 55%-- 3973 км-ден 1785 км-ге дейін қысқарады.

Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысықауіпсіздігін едәуір арттыруға, инфрақұрылымның өткізу қабілетін өсіругне және тасымалдау процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бір уақытта желінің жеті учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Өткізілетін іс-шаралардың ауқымы мен көлемі бойынша жобаның Қазақстан темір жолдарының бүкіл тарихында баламасы жоқ.