Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде

Жаңалықтар
17.07.2026, 14:03
Оқуға 2 мин

Жаздың басынан бастап "Қазақстан темір жолы "ҰК "АҚ Мемлекет басшысы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан" Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде "Қауіпсіз өткел" және "Қауіпсіз темір жол" республикалық профилактикалық акцияларын өткізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірлерінде көлік полициясы департаментімен, аумақтық полиция бөлімшелерімен, көлік прокуратурасымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырылады.  

Теміржол өткелдері мен теміржол инфрақұрылымы объектілеріндегі заң бұзушылықтардың алдын алуға басты назар аударылады. Теміржолшылар жүргізушілерге өткелдерді кесіп өту ережелерін, жаяу жүргіншілерге тек белгіленген жерлерден ғана өту қажеттілігі туралы, ал ата — аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік бар екені жайында ескертеді. Кездесулер барысында сондай-ақ теміржолға жақын жүрудің, жол бойында ойнаудың қауіптілігі және вагондар мен байланыс желісінің объектілерінде селфи жасау әрекеттерінің салдары түсіндірілуде.

Акция аясында ұйымдастырушылар теміржол өткелдерінде рейдтер, автомектептерде профилактикалық дәрістер, автокөлік кәсіпорындарының жүргізушілерімен кездесулер өткізіп, пойыз жолаушыларымен және теміржолдың жанында орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен әңгімелесе отырып, теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылады және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Акция Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Абай облыстарында, Шымкент қаласында және еліміздің басқа өңірлерінде өтті.

Қостанай облысындағы Құсмұрын станциясында және Қостанай қаласындағы "Вираж Авто-2012" автомектебінде профилактикалық іс-шаралар өтті. Жыл басынан бері мұнда 105 рейд өткізілді, оның барысында 2 370 жүргізуші керекті ақпаратпен хабардар етілді, сондай-ақ автокөлік кәсіпорындарында 10 кездесу ұйымдастырылды.

Абай облысында "Қауіпсіз темір жол" акциясы барысында 278 тұрғын және 123 жүргізушімен профилактикалық мақсатта кездесу өтіп, оларға жадынамалар таратылды.

Қарағанды өңірінде жыл басынан бері 1 394 адамды қамтыған 105 профилактикалық кездесу, 65 рейд ұйымдастырылды, 1 002 жүргізуші нұсқамадан өтті. Мал иелеріне темір жолға жануарлардың шығуына жол бермеу туралы 2 724 хабарлама берілді, 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызылорда облысында темір жол өткелдерін қауіпсіз кесіп өту бойынша 31 жүргізуші, Шымкентте 141 жеңіл және жүк көлігінің жүргізушісі нұсқама алды.

Профилактикалық жұмыстың жеке бағыты жолаушылар пойыздарында жүргізіледі. Көлік полициясымен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылады, оның барысында жолаушыларға жолда жүру ережелері, жеке қауіпсіздік шаралары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндіріледі.

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымындағы келеңсіз оқиғалар санын азайтуға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастыруда. 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды