Үлкен сұранысқа ие

Жаңалықтар
29.07.2016, 18:06
Оқуға 2 мин
Таяуда ғана жолаушылар пойызының жаңа «Шалқар – Бейнеу» тармағымен жолға шыққаны туралы сүйінші сұрап едік. Бүгінде аталған бағытта жолда жүру құжатының 45 күн бұрын ерте сатылатынына қарамастан, билетке сұраныс өте жоғары болып тұр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ БАФ директорының орынбасары Жомарт Перзадаевтың айтуынша, жаңа жолмен қатынаудың тиімділігін алдымен жергілікті тұрғындар сезініп отыр. Ақтөбеден Маңғыстау бағытына жолға шыққысы келетіндердің өзі Шалқар арқылы қатынауды жөн көріп отыр. Ал Астананы бетке алған маңғыстаулықтар Шалқар арқылы Сексеуілге дейін жетіп, әрі қарай басқа пойызға отырады екен. – Жол бойындағы жаңа елді станцияларда тұратын тұрғындар бұрынғыдай жеңіл көлікпен жолсыз жермен қатынамайды. Бұрын жеті сағат уазикпен шаңдатып жол жүру деген жоқ. Рас, әзірге, жолаушылар пойызы жаңа жолдың үстімен сәл төмен жылдамдықпен жүреді. Дегенмен, ревизорлар алдағы уақытта жылдамдықты арттыруы мүмкін. Жалпы, әбден төселген жолдармен жолаушылар пойызы сағатына 100-120 шақырым жылдамдықпен жүйткиді, – дейді Жомарт Перзадаев. Оның айтуынша, жергілікті халықтың тілегі бойынша аталған тармақпен болашақта қала маңы пойыздары да қатынай бастауы мүмкін. Жаңа жолмен қатынап жатқан «Алматы – Маңғыстау» бағытындағы  жолаушылар пойызының бастығы Клара Мырзатаеваның айтуынша, алғашқы күндері-ақ пойыздың жолаушы сыйымдылығы 80-90 пайызды құраған.  - Алдағы уақытта ұл жолмен жаңа жолаушылар вагоны қатынайтын болады дейді. Демек, жыл соңына дейін біздің пойыз құрамымызда су жаңа, зауыттан жаңа шыққан вагондар пайда болады деп сенемін, - дейді пойыз басшысы. Айтпақшы, Клара Мырзатаева бұл жаңа бағдардың жергілікті халықты  зор қуанышқа бөлегені соншалық, тіпті, жол бойындағы бір елдімекен басшысы халық атынан рахметін пойыз бастығына Алғыс хат табыстап білдіріпті. «Сіздерді 2016 жылдың 5 шілдесі күнгі жаңадан салынған Жезқазған-Шалқар-Бейнеу темір жолы бойынша алғаш сапарға шығып, жол бастауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Әр кез сәт сапар, ақ жол тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін», делінген екен жергілікті билік органы өкілі табыс еткен алғыс хатта.

Асқар АҚТІЛЕУ, 

Ақтөбе

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды