Жаңа вокзалды аралады

Жаңалықтар
29.05.2019, 09:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптада елордада «Темір жолды цифрландыру» тақырыбында өткен көрмеге келген мәртебелі қонақтар, сондай-ақ «Нұрлы жол» вокзалын аралады.

Атап айтқанда, «РТЖ» ААҚ президентінің аға кеңесшісі Валентин Гапанович, «Беларусь темір жолдары» компаниясының бас инженері Валерий Шубадеров, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ техникалық директоры Владимир Шнейдмюллер сияқты мәртебелі меймандарды ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев бастап барды. Стратегиялық маңызға ие заманауи нысанды темір жол вокзалы кешенінің бастығы Дінмұхаммед Құсайынов аралатып, толық ақпарат бере жүріп, таныстырды. Төртінші қабаттағы күту залынан басталған экскурсия барысында қадірменді меймандарға жаңа ғимараттың үлкен көлемдегі макеті көрсетілді.

– Біздегі орталық табло әуежайлардағы таблолармен бірдей жұмыс істейді. Өте ыңғайлы. Барлық ақпарат үш тілде беріледі. Пандустар екі жағынан да симметриялық түрде орналасқан. Екінші қабатта 750 көлік сыятын паркинг бар. 5-қабат – футкорг, 6-қабатта қонақ үй мен әкімшілік орналасқан, – деді кешен бастығы.

Ол вокзалдың электр энергиясын үнемдеу жүйесімен де, шатырдағы табиғи суды жинап, техникалық мақсатта қайталап пайдалану мүмкіндігі туралы айтып берді. Оларға пойыз жүретін эстакада көрсетіліп, билет кассалары, қауіпсіздік бойынша арнайы қызметтер және тағы да басқа жолаушылар мен келушілер сұранысына сай орындар таныстырылды. Экскурсия соңында қонақтарға бас инженер ұлттық компания атынан «Нұрлы жол» вокзалының сувенир макетін сыйға тартты. 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді