«Нұрлы жол» вокзалында он миллионыншы жолаушыны құттықтады

Жаңалықтар
05.06.2019, 13:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1 маусым – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің құрылғанына 2 жыл толуына орай өткен шарада вокзалдың он миллионыншы жолаушысы анықталды. Балдырғандар мейрамымен қатар келген мерекелік жиын үстінен түскен жолаушы, елорда тұрғыны Ерлан Қадырбаев отбасымен Сарыағашқа демалуға баруға билет алған екен.

Вокзалда мұндай тосынсый күтіп тұрғанын күтпеген қуаныш иелеріне кешен атынан атаулы мерекелік торт тарту етілді.

– Біз бұл тарихи сәттің куәгері әрі себепшісі болғанымызға ерекше қуанып тұрмыз. Демалыс алдындағы сапарымыз өте сәтті басталуда. Вокзал қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Еліміздің көрікті ғимараты, бас қаламыздың бас қақпасы жайнап, гүлдене берсін! – деді Ерлан.

Балалар күнімен тұспа-тұс келген екі жылдық мейрамға вокзал қызметкерлерінің 50 баласы және НұрСұлтан-1 станциясындағы құрылымдық бөлімшелер теміржолшыларының 50 баласы қатысты. Соған қоса вокзалда пойыз күтіп отырған жолаушылар балалары, тағы да басқа келушілер думанды жиынның қызықтарынан құр қалмады. Мерекелік шараны вокзал директоры Дінмұхаммед Құсайынов құттықтау сөзбен ашып, стратегиялық маңызға ие нысанның тыныс-тірлігінен хабардар етті.

– Вокзал кешені ашылғалы бері бұл теңдессіз заманауи ғимараттан 22 мыңнан астам пойыз жөнелтіліпті. Кешеннің ашылуымен екі жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Жоғары кәсібиліктеріңді сақтай отырып, вокзал жұмысын жандандырып келе жатқандарыңызға рахмет, әріптестер, одан әрі де халыққа адал қызмет ете берейік, – деді Д. Құсайынов.

Құттықтау тілектерін «Қазпрофтранс» ҚБ «НұрСұлтан» торабы филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев пен Магистральдық желі дирекциясының Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Алма Сәулебаева да жеткізіп, кешен қызметіне сәттілік тіледі. Екі жыл бойына кешен ұжымы жолаушылар мен келушілер үшін қол жүктерін тасу секілді сервистің жаңа қызметтерін енгізе отырып үздіксіз жұмыс істеп келеді. 11 орындық қонақүй кешені, 10 орындық футуристік капсулды мейманхана ашылды. Вокзал кешені жолаушыларын барлық жағынан ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желі-лерде парақшалар тоқтаусыз жүргізіліп, жаңартылуда.

Кешен қызметкерлерінің білімін көтеру бағытында оқу тренингтері, спорттық және қоғамдық шаралар өткізіліп тұрады. Вокзал тарихында осында қызметке тұрып, кейін көңілдері жарасқан жастардың арасынан 10 отбасының пайда болуы сияқты жағымды оқиғалардың болғаны да жан жадыратар жаңалық.

Мерекелік бағдарламада тамылжыта ән айтылып, мың бұралған би флешмобқа ұласты, сондай-ақ, түрлі викториналық ойындар қамтылды. Той-думан барысында балаларға вокзал кешені атынан балмұздақтар тегін таратылды. Балалар мейрамы мен теміржолға және «Нұрлы жол» вокзал кешеніне қатысты сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталып, естелікке суретке түсірілді. Сонымен қатар балаларға аквагрим салу, аниматорлармен шоу бағдарламалар көрсету, бормен сурет салу, түрлі-түсті шарларға ие болу сынды шаралар сыйлық ретінде ұйымдастырылды. Жиын соңында биыл 30-31 мамыр аралығында өткен спорттық іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. 

Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі