«Туған елге саяхат» жобасы жалғасуда

Жаңалықтар
14.06.2019, 13:56
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл сайынғы дәстүр бойынша балаларға арналған «Туған елге саяхат» жобасы биыл да жалғасын тапты. Жазғы демалыста пойызбен балаларды еліміздің көрнекі орындарына апарып, саяхат жасататын жобаның, міне, бірінші кезеңі аяқталды. Балалар туристік пойызын ұйымдастырушы Samruk-Kazyna Trust компаниясы өкілдері алғашқы кезең қызықтары туралы баяндады.

 Алғашқы кезеңді Нұр-Сұлтан қаласынан бастаған балалар Қазақстанның бес көрнекі және тарихи қаласына саяхат жасады. Қазақстан темір жолы көлікпен және жолаушылар тасымалы қызметімен қамтамасыз еткен жоба барысында аталған компания қызметкерлерімен қатар теміржолшылар балалары да болып, елордадан кейін олар әйгілі ғарыш айлағы бар Байқоңыр қаласына бет бұрды. Мұнда олар «Қорқыт ата» мемориалды кешенін, Байқоңыр космодром музейін көріп, ракета макетін жасады. Одан әрі шуақты Таразға бағыт алған жоба қатысушылары мұнда Айша бибі және Қарахан кесенесін аралап, ежелгі аңыздар тарихына бойлады. Сонымен қатар жергілікті аквапаркте суға шомылды. Келесі күні пойыз оңтүстік астанаға келді. Алматыда олар жергілікті зообаққа, дельфинарийге барып, "АЙЯ" паркінде қыдырды және Көктөбеге шығып, таудың табиғатын тамашалады. Содан кейін туристік пойыз Балқаш көліне ат басын тіреп, көлдің жағасында жас саяхатшылар футбол және басқа да ұлттық ойындар ойнады. Осындай тамаша демалыс аптасынан соң пойыз елордаға оралып, жобаның алғашқы кезеңін аяқтады.

Ғажайыпқа толы 9 күнге созылған саяхаттан алған әсерімен Арқалықтан келген Ақжол Ашықбай былай бөлісті: «Маған көбіне үлкен қалалар ұнады, Алматыны алғаш рет көрдім. Ал елордада «ЭКСПО» көрмесіне бірінші рет бардым».

– Жоба балаларды қыдыртудан ғана тұрмайды. Пойыз үстінде олардың жан-жақты қабілеттерін ашатын түрлі шаралар өткізіледі. Саяхаттың үшінші күнінде балалар бір-бірін танып, достасып үлгерген кезде олардың арасында бірнеше спорттық жарыстар өткізілген. Бірқатары ән айтатын қыры бар екенін біліп, жобадан кейін вокал үйірмесіне жазылған, – дейді балалар жетекшісі Сергей.

Жоба аясында тағы екі саяхат ұйымдастырылмақ. Оған 400 оқушы қатысады деп жоспарланып отыр. Барлығы бұл туристік жоба 600 баланы қамтиды. Соның бес жүзі – өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін, алыс елді мекендерде тұратын, көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары. Ал 50 бала – арнайы шығармашылық байқау нәтижесінде іріктелгендер.  

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?