Көгілдір отынға түсті

Жаңалықтар
24.10.2019, 22:24
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ теміржолшыларын жыл он екі ай жылумен, таза ауыз сумен қамтамасыз ететін «Қызылорда-Теміржолсу» мекемесінің теміржолшылары Белкөл бекетіндегі жылу қазандығын көгілдір отынға қосты. Жылу құбырына жаңа қосылған газ пешінің қалыпты жұмысын мекеменің бас инженері Насыр Абдулла, жетекші инженер Нұрдәулет Қонысбаев пен телім шебері Абзал Кәрібаев бақылап, тұтынушылардың жылумен қамтылуын қадағалауда.

Биылғы жылу маусымы қарсаңында қолданысқа берілген көгілдір отынмен жұмыс жасайтын «Чейль Бойлер» пеші Корей елі мен қазақстандықтардың ортақ туындысы саналады екен. Осы уақытқа дейін үш-төрт бекеттегі теміржолшыларды газ пайдалану арқылы жылумен қамтыған Қызылорда-Теміржолсу мекемесінің ұжымы биыл жылу құбырларын көгілдір отынға қосып, тосын сый жасап, белкөлдік теміржолшыларды қуантты.

Жалпы көлемі 3000 шаршы метр аумақты жылытуға қауқарлы «Чейль Бойлер» пеші Белкөлдегі теміржолшылардың 3 қабатты қосынын жылытуға толық жарайды. Кешелі бері жұмысқа қосылған пеш 40-450С жылуды жылу құбырлары арқылы таратып тұр. Алдағы қыс маусымында жылу температурасын 85-900С дейін ысытуға мүмкіндігі бар пештің артықшылығы газ тапшылығы туындаған жағдайда қатты отын – көмірмен де жұмыс жасауға есептелінген екен.

– Қазақстан мен Корея елдерінің ортақ туындысы «Чейль Бойлер» жылу қазандығы газбен де, көмірмен де жұмыс жасайды. Қазір газ құбырына қосылған пештің жұмысы тұрақты. Мекеменің операторлары Ербол Ержанов пен Ержан Багитов арнайы дайындықтан өткен, газ пешінің тұрақты жұмыс жасауына жауапты. Газ пешімен қатар бұған дейін қолданыста болған көмірмен жанатын «Универсаль-600» модельді қазандығымыз қазір резервке қойылды, – деді мекеменің бас инженері Насыр Абдулла.

Газ пешінің есептеуіш құрылғысы, ШРП жалпы газ жабдықтарымен толық жарақтандырылған. Газ құбырымен келген 2,3 атмосфералық қысымды көгілдір отынды пеш форсункасы пеш оттығына беріп жандырып, су қазандығы белгілі қажетті температураға дейін ысытылып, жылыту желісімен тұтынушыға жөнелтіледі. Айналмалы жүйемен құрылған жылу құбырының тұла бойындағы жылу температурасы төмендегенде газ пеші өздігінен іске қосылып, қажетті жылу алынғанша жанып қайта өшіп, аздаған кідірістен кейін қайта жанып, осылайша жұмысын жалғастыра береді. Мұның бәрі қазандық пешінің бойына орналастырылған пешті басқару тетігіне енгізілген екен. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?