Білім мен біліктілік үйлесім тапқанда

Жаңалықтар
15.11.2019, 11:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 13 қарашасында Көкшетау станциясында ағымдағы айдың 4-де жарияланған «Бүйір рамасы» айлығы аясында көкшетаулық вагон қараушылар, техникалық қызмет көрсету пункттері бастықтарының қатысуымен теориялық және практикалық шараларды қамтыған техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақты ұйымдастырушы Бурабай курорты вагон пайдалану депосының бас инженері Ғалымжан Балабатыровтың айтуынша, шараның басты мақсаты – вагондардағы бүйір рамаларда кездесетін анықталуы аса күрделі ақаулықтарды табу, қауіптің алдын алу, профилактика жүргізу екен.

– Жүк вагондарындағы арбашықтардың бүйір рамаларының сынуы бүгінде пойыздар қозғалысына үлкен қауіп төндіретін басты фактор болып отыр. Көп жағдайда бұл фактор жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне және темір жол мүлкін бүлдіруге әкеледі. Жүк вагондары арбашықтарының бүйір рамаларының көп күш түсетін бөліктерінде көзге көріне бермейтін құйма ақаулықтары анықталуда. Әрине, бұл – зауыттық ақау. Вагон шаруашылығы департаментімен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жүк вагондарды Қазақстан темір жолының магистральдық темір жол желісіне жіберудің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, соның бірі «Назар аударыңыз, бүйір рамасы!» айлығы. Бүгін өтіп жатқан техникалық сабақты оқу шебері Иван Козлов өткізді. Ол алдымен вагон қараушыларға, ПТО бастықтарына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Вагон шаруашылығы департаментінен келген ТУ ГПВ/12253-И хатымен таныстырды. Мұнда ел өңірлеріндегі барлық вагон пайдалану деполарына бірқатар міндеттемелер жүктелген. Соның бірі ағымдық ағытып алу жөндеу пункттерінің базасында ПТО, КПТО-ның ауысымдық вагон қараушыларына, ТОР қызметкерлеріне бүйір рамаларының күрделі ақауларын анықтау бойынша техникалық сабақтар өткізу болатын. Бүгінгі сабақта Иван Викторович қатысушыларға алдымен иненің жасуындай көзге көріне бермейтін ақауларды анықтау жолдарын, тәсілдерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп, практикада көбіне ақаулар орын алатын жерлерді іс жүзінде көрсетті, яғни ақаулық болса, балғамен соққанда қандай дыбыс шығатынын немесе визуалды қарағанда қандай жерлерге, не нәрселерге назар аудару керектігін айтып көрсетті, – дейді Ғалымжан Зейноллаұлы.

Сөз реті келгенде атап өтерлігі, жоғарыдағы Вагон шаруашылығы департаментінен келген ТУ ГПВ/12253-И хатында Қазақстандағы магистральдық теміржол желісіне қабылдап алып жатқан вагондардың техникалық жағдайына бақылауды күшейту, әсіресе, арбашықтардың құйма детальдарының жағдайына, соның ішінде олардың комплектациясына сәйкестігіне айрықша назар аудару міндеттелген. Сонымен қатар Пайдалану ережелерінің талаптар үдесінен табылмаған вагондарды қабылдауға және беруге тыйым салынған. Вагон детальдарын бұзбай бақылау жасаудың феррозондтық тәсілі сияқты басқарушылық құжат талаптарына сәйкес жөндеу кәсіпорындарында рессорүсті арқалығындағы бүйір рамаларын дефектоскопиялау бойынша барлық жұмыс кешенінің өткізілуіне бақылауды күшейту талап етілген.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?