Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге тағы бір қадам

Жаңалықтар
12.12.2019, 22:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Ақтау қаласында «Қауіпсіз жұмыс – табыс кепілі» тақырыбында екі күндік семинар өтіп, оның барысында өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша Нұсқаулық енгізіліп, стандарттар қайта өңделді. Сондай-ақ, Компания басшылығы «Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогтары», «Қауіпті тоқтат», «Зардапсыз оқиғалар» бағдарламаларына бастама берді.

Ел өңірлеріндегі жол және магистральдық желі бөлімшелерінің бас инженерлері, өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің қызметкерлері, еңбек қорғау мамандары қатысқан шараны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ұйымдастырды. Семинар Компанияда еңбекқорғау саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың жалғасы болуымен қатар жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы әріптестеріне ақыл-кеңестерін және тағылымдама беретін ішкі жаттықтырушыларды даярлаудың алғашқы қадамы болды. «Өндірісте жазатайым жағдайлардың жолын кесудің тиімді құралы – ол профилактика», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры – бас инженері Батыр Котырев кіріспе сөзінде. «Бұл жұмысқа компанияның барлық қызметкерлері тартылуда. 120 мыңнан астам теміржолшы 2020 жылы оқытылады. Әрбір қызметкер жұмыс орнында стандарттан ауытқуды, өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін қауіпті факторларды анықтаған жағдайда, жұмысты тоқтатуға құқылы. Ынталандыру пайда болады: еңбектің қауіпті жағдайларын анықтау, бұл нөлдік жарақаттануға әкеледі», – деді Батыр Котырев. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Бейбіт Ибраев жол бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану оқиғаларының 30% төмендеп, көрсеткіштердің оң динамикасы байқалып отырғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, биыл «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірісте бақытсыз оқиғалардың алдын алу үшін 150-ден астам шараны іске асыруды көздеп отыр екен. Оған бір миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылыпты. Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық филиалдарында 220-дан астам еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңес, 1400 ден астам техникалық инспектор жұмыс істейді. «Биыл кеңестер екі мыңға жуық тексерулер жүргізіп, еңбек қорғау саласында 2200 астам олқылық анықтады, бүгінде бұл кемшіліктер жойылған», – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ кәсіподағының төрағасы Ермек Төлегенов. Осы ретте өндірістік кеңестер қандай рөл атқарады дейтін болсақ, олар еңбек өнімділігін арттыруға, жекелеген өндірістік процестерді, өндірістік қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Ал семинар қонақтарының бірі Ақтау теңіз портының басшысы Абай Түрікпенбаев: «Жұмыскерлерде ережелер бойынша жұмыс істеу әдетін қалыптастыру, өндіріс мәдениетін арттыру қажет. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға жүйелі көзқарас, пікір алмасу, тәжірибе бөлісу біз үшін өте маңызды», – дейді. Сонымен қатар айтулы шарада «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ өкілдері қауіпсіз еңбек жағдайын құру үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері Қадыржан Өмірзақов «жұмыс орнында денсаулықтың күрт нашарлау оқиғаларын азайту тәжірибесі» тақырыбында сөз қозғай отырып, соңғы үш жыл ішінде Қоғамның компаниялар тобында орын алған 51 жазатайым жайттың басым бөлігін, яғни 74,5%-ын денсаулықтың күрт нашарлау оқиғалары құрап отырғанын атап өтті. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 11 айында мұндай жағдайлар 10 көрсеткішке дейін азайғаны байқалады. Жалпы денсаулықтың күрт нашарлауы негізінен қызметкерлердің жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты екен. Талдау нәтижелері жолда жүретін пойыз бригадалары, жолсеріктердің денсаулығы күрт нашарлау себептері олардың уақытылы медициналық тексеруден өтіп ем-дом алмауы, сондайақ сырқаты бойынша диспансерлік есепте тұрғандарын жасыру фактілерімен байланысты екенін көрсетеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығымен ай сайын селекторлық кеңестер өткізіліп, онда еңбек қорғау және қауіпсіздіктің ағымдық жағдайы, сырқат түрлері, медициналық ұйымдармен жүргізілетін тек-серулердің сапасын жақсарту туралы, қауіпсіздік техникасы бойынша жүргізілетін нұсқамаларға бақылауды күшейту мәселелері қаралып тұрады», – деген «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар легімен де бөлісті. Біріншіден, рейсалды медициналық тексеруді жүзеге асыратын медқызметкерлерді медұйымдардың ауық-ауық алмастырып тұруына қол жеткізілген, бұл өз кезегінде пойыз бригадалары қызметкерлерін денсаулығына байланысты рейстен уақытылы алып тастауына ықпал етіп, нәтижесінде жұмыс орнында қызметкерлердің денсаулығының күрт нашарлауына қатысты оқиғалар азайған. Екіншіден, Қоғам филиалдары қызметкерлерінің сырқатына байланысты есепте тұрғандарын және 50 жастан асқандарын ұзақтығы 3 тәуліктен асатын алыс жолдарға жіберуге тыйым салынған. Олар негізінен қысқа бағдарлардағы рейстерге жіберілетін болыпты. «Қазір Қоғам медұйымдармен 5 жылға дейінгі мерзімді құрайтын ұзақмерзімді шарт жасасу мәселесін қарастыруда. Бұл қызметкерлер денсаулығының нашарлауына қатысты оқиғаларды азайтуға, мерзімді медициналық байқаулардың сапасын жақсартуға, сондай-ақ, медқызметтердің уақытылы көрсетілуін арттыруға ықпал етеді», – деп сөзін түйіндеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері Қадыржан Өмірзақов. Магистральдық желі дирекциясы бұл күнде жол монтерлерінің қол еңбегін жеңілдету мақсатында жол машиналарын, шағын механикаландыру техникаларын кеңінен пайдаланып отырғанын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау бағытында бұдан басқа

да іс-шаралардың жүзеге асып жатқанынан хабардар етті. Өндірістік жарақаттану оқиғаларын азайту және алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ-да да жүргізіліп жатыр екен. Айталық, коммерциялық вагондарға байқау жүргізу бары

сында күзетшілерді электр тоғымен зақымданудан қорғау мақсатында вагондарды жоғарғы жағына көтеруге наряд-рұқсат беру жүйесі енгізілген. Жүкті және вагондарды қарау, тапсыру, қабылдау кезінде әскерилендірілген күзет жасақтарының биіктіктен құлау қаупін азайту үшін қауіпсіз жұмыс әдістерін көрсете отырып, жүк пен вагондарды (оның ішінде контейнерлерді) коммерциялық тексеру бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық әзірленсе, қазір «Жүктерді әскерилендірілген

күзетуді қамтамасыз ету» жөніндегі технологиялық процесс бекіту сатысында екен. Жедел мобильді әрекет ету топтары үшін технологиялық процесті жетілдіру мақсатында алдағы жылы жаңа бақылау құрылғыларын, атап айтқанда бинокльдер, тепловизорлар, түнгі көру аспаптарын сатып алу көзделіп отыр. Сонымен қатар, күзетшілерді қажетті бағдарламалар мен жүйелерді орната отырып, портативті бейнетіркеуіштермен, смартфондармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Күзетшілердің контактілі желіден электр тогымен зақымдану қаупін жою, сондай-ақ, вагондар мен жүктерді жоғарғы жақтан қарап тексеру кезінде биіктіктен (вагонның төбесінен) құлап қалмауы үшін, Қоғам тарапынан ШИО-330-550 өлшеу штангасының базасында жиналған «SAQTAU» құрылғысы бойынша рационализаторлық ұсыныс әзірленіпті. Бұл ұсынысты Петропавл қаласының Киров атындағы зауыты іске асырған. Қазір «SAQTAU» құрылғысы дайындаушы зауытта жөнге келтіріліп жатқан көрінеді. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Компанияның VisionZero халықаралық тұжырымдамасына қатысты Компанияның саясаты мен стратегиялық мақсаттарына қолдау білдіріп, өндірістік қауіпсіздікті басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіруге қатысты Жол картасын орындауға белсене қатысады. Қазіргі сәтте біз еңбек қорғау және қауіпсіздікті жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз», – деп ой бөлісті «ӘТЖК» АҚ бас инженері Мархат Арунов. Семинар еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту бойынша лайфхактарды көрсету арқылы ерекше форматта өтті. Семинар барысында интеллектуалды ойын, викториналар, конкурстар өткізілді. Еңбек қорғау саласындағы үздік біліммен «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ филиалдарының бас инженерлерінен құралған команда топ жарды. Жиынға қатысушылар еңбек қорғау және қауіпсіздік саласында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткен форумның жалғасы іспеттес «Қауіпсіз жұмыс – табыс кепілі» атты екі күндік семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, маңызды тақырыпта ой сергітуге және күнделікті атқарып жүрген қызметтеріне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік бергенін айтты. 

Жолаушылар тасымалы
08.03.2026
ҚТЖ пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды
Жаңалықтар
08.03.2026
Талғат Алдыбергенов теміржолшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол