Қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастырайық

Жаңалықтар
14.02.2020, 10:06
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ағымдағы жылдың 11 ақпаны күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы мен оған қарасты департамент басшыларының және ел өңірлеріндегі магистральдық желі бөлімшелері директорларының қатысуымен «Басшылықтың еңбек қауіпсіздігі қағидаттарына бейілділігі» тақырыбында өндірістік қауіпсіздік бойынша семинар-кеңес өтті.

Бұл шараның мақсаты – басшылар мен қызметкерлерде қауіпсіз еңбек принциптерін ұстануды көздейтін көшбасшылықты қалыптастыру, жұмыс орындарындағы қауіпқатерлер мен тәуекелдерді дұрыс анықтау, еңбек қауіпсіздігі және гигиена жүйесін ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу болды. Дирекцияның Еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Марат Жүнісов өндірістік қауіпсіздік бойынша семинар кеңесті «Қауіпсіздік минуттарынан» бастады. Ол Ұлттық компанияның ғимаратында жүріп тұрғанда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қойылатын талаптарды шараға қатысушыларға таныстырып өтті. Басты тыйым салынған дүниелердің бірі әкімшілік ғимаратта шылым шегу болса, екіншісі сатымен түсіп келе жатқанда мобильді қосымшаны пайдалану, құжаттарды оқу екен. Бұдан кейін Дирекция директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Төлеубай Кенжебеков сөз алып, 2019 жылдың 29 қарашасы Компания үшін тарихи сәт болғанын атап өтті. Сол күні Ұлттық компанияның басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың қатысуымен «Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогы», «Қауіпті тоқтат», «Салдарсыз оқиға» (Near Miss) бағдарламаларына бастау берілген Өндірістік қауіпсіздік бойынша бірінші форумның ашылу салтанаты болды. «Атап өтерлігі, бұл бағдарламалар шеңберінде әрбір қызметкер, егер ол жұмысты жалғастырған жағдайда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей жағдай болса, жұмысты тоқтатуға дағдыланады, – дей келе Төлеубай Кенжебеков, – Компания қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларын көшбасшы болуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін көрсетуге шақырамын», – деді. Жалпы, Магистральдық желі дирекциясы жыл сайын қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін және өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға қыруар қаржы бөліп келеді. Десе де, Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттануларға жол берілуде. Ал өндірістік жарақаттануға жасалған талдау, мұның түпкі себебін адамның мінезқұлқы һәм іс-әрекетімен байланыстырып отыр.

«Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қызметкерлердің мінез-құлқы мен санасын өзгерту үшін бөлімшенің әрбір басшысы еңбек ұжымдарында қарапайым түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз жұмысын қайта құруы тиіс. Ол үшін барлық басқару деңгейіндегі басшыларда өндірістік қауіпсіздік саласындағы негізгі көрсеткіштер болуы қажет.

Бірінші – ашықтыққа қол жеткізу, яғни барлық микротравмаларды көрсету, өндірістегі жасырын жазатайым оқиғаларды жою; екінші – қауіпсіз еңбек үшін қызметкерлерді ынталандыруды қайта қарау; үшінші – басқарудың барлық деңгейлерінде қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогын өткізу және олардың сапасын арттыру; сонымен қатар форумдар, олимпиадалар, семинарлар және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар ұйымдастыру; қызметкерлерді міндетті медициналық тексерумен уақытылы және толық қамту, медициналық қызметтерді орындау талаптарын нақтылау және қатаңдату; сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық нормалар мен корпоративтік талаптарға сәйкес санитарлықтұрмыстық нысандарды толық жабдықтау және күтіп ұстау; ең бастысы Жұмысты ТОҚТАТ және Near-miss  бағдарламасын сәтті енгізу (салдарсыз оқиғалар). Осы ретте, Магистральдық желі бөлімшелерінің басшыларын 2020 жылға қойылған міндеттерді табысты орындау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға шақырамын» деп түйіндеді сөзін Төлеубай Кенжебеков. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев «HSE өзін-өзі бағалау және Компания тобы бойынша 2019 жылдағы өндірістік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында әңгіме өрбітті. Оның айтуынша, өткен жылы Компания бойынша барлығы 107 жазатайым оқиға болып, бұл көрсеткіш 2018 жыл оқиғаларымен салыстырғанда 7 бірлікке азайған. Соның ішінде өндіріспен байланысты емес былтыр 72 (2018 жылы – 84), өндіріспен байланысты 35 (2018 жылы – 30) оқиға болған. Былтыр барлығы 39 адам жапа шегіп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 3 бірлікке артқан. Айталық, өткен жылы 4 адам (2018 жылы – 9) қаза тауып, екі жыл қатарынан 6 адам мүгедек болып қалса, алдыңғы жылы 21 адам, былтыр 29 адам уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған. Ал жарақаттану себеп-теріне келсек, өткен жылы 9 оқиға үшінші жақ кінәсінен болса, 16 оқиға жұмысшының технологиялық процесті, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін бұзуынан, 10 оқиға жұмыс берушінің жұмысты дұрыс ұйымдастырмау салдарынан орын алған. «Биыл «Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогы», «Қауіпті тоқтат», «Салдарсыз оқиға» (Near Miss) бағдарламаларын енгізу шеңберінде Компания қызметкерлерін толықтай Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогы сабақтарымен қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Асхат Сариев. Сондай-ақ ол 2020 жылға арналған Өндірістік қауіпсіздік бойынша негізгі міндеттерге және HSE-ні жақсарту жоспарына тоқталып өтті. Ал Компанияның Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің маманы Н. Астапенко Өндірістік қауіпсіздік процестерін цифрландыру және оқыту моделі бағытында іске асып жатқан және атқарылатын жоспарлы жұмыстарымен таныстырды. Семинар-кеңестің жұмысын қорытындылай келе Магистральдық желі дирекциясының Еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Марат Жүнісов: «Нөлдік жарақаттану» стратегиясын іске асырудағы табыс немесе сәтсіздік, түптеп келгенде, басшылардың бейілділігіне, менеджерлер мен қызметкерлердің ынта-ықыласына, сондай-ақ олардың қырағылығына байланысты болмақ. Сіздің басшы ретіндегі іс-қимыл, әрекетіңіз алға қойылған мақсаттарға жетуде үлкен маңызға ие. Сіз басқаларға үлгі-өнеге көрсетесіз. Ережелерді орнатумен қатар оны өзіңіз де орындаңыз. Сіз осы ережелерді түсінуді және оларды кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етесіз. Былтыр жыл бойы біз нөлдік жарақат алу жағдайына қол жеткізу ниетін айттық. Енді осы нотада, сіздерді жеке міндеттемелер жазылған стендке қол қоюға, көшбасшы болуға және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне бейілділігін көрсетуге шақырамын», – деді. Семинар соңында қатысушылар жеке міндеттемелер стендіне қол қойды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты