Сауат Мыңбаев ҚТЖ-ның қаржылық-экономикалық ахуалы туралы айтты

Жаңалықтар
13.03.2020, 10:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі жүк тасымалы көлемінің басым бөлігі ҚТЖ үлесінде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 284 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған. Теміржолдың жалпы жүк айналымындағы үлесі 41% құрап отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте осындай мәліметтерді келтірді және компанияның қаржылық-экономикалық ахуалы туралы біраз жайттың бетін ашты. 

 ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Компания басшысының мәліметінше, жалпы өткен жылды ҚТЖ табысты қорытындылап, 2019 жылдағы операциялық пайда 173 млрд теңгені құраған. Бірақ, бұған қарамастан 75 млрд теңге мөлшерінде шығынмен аяқтап отырғанын да жасырмады.

«Бұл 2018 жылдың қорытындысына қарағанда 12 млрд теңгеге жақсы көрсеткіш, десек те, қаржылық нәтиже жағымсыз» деген басқарма төрағасы негізгі факторларға тоқталды.

Атап айтсақ, бірінші ол 68 млрд теңге сомасындағы еурооблигацияларды кері сатып алу екен. Бұл шара ұзақ мерзімді перспективада компанияның қаржылық тұрақтылығы үшін қажет.

Екіншісі, компанияның қаржылық қызметі мен есептілігін реттеуге бағытталған, бұрын іске қосылған инвестициялық жобалар бойынша 54,6 млрд теңге сомасында резерв құру екен.

Үшіншісі, 2019 жылы көрсетілген өткен жылдардың 34,3 млрд теңге сомасындағы шығындары. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалыптасып отырған жағдайдан оңтайлы шығу және іске асырудың стратегиясын әзірлеген. Ол бірінші кезекте ҚТЖ-ның операциялық тиімділігін арттыруға негізделген.

Былтыр осы бойынша біраз шаралар іске асқан. Айталық, сала қызметкерлерінің санын арттыруға мораторий енгізіліп, жалға берілген барлық жүк вагондары кері қайтарылып, ҚТЖ-ның еншілес ұйымы Қазтеміртранстың операциялық басқаруына берілген.

Сонымен қатар, Компания басшысы шығыны көп профильді емес активтерден «құтылу» да қаржылық тұрғыда оң нәтиже бергенін жеткізді, мысалы, қазіргі кезде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру кезеңі аяқталуға жақын екен.

Ал 2020 жылы 4 активті шығару жоспарланған. Су көлігіне тиесілі кемелер Казмортрансфлотқа берілген. Жалпы 2029 жылға дейін ҚТЖ компаниясы құрамынан шығарылуы тиіс 28 активтің өткен жылы 12-сі шығарылған екен. Спикердің айтуынша, мұның бәрі компанияны қаржылық сауықтыруға бастап, күш-қуатын негізгі профильді қызметіне жұмсауға мүмкіндік берген.   

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты