Ақтөбедегі дүлей дауыл зардабы

Жаңалықтар
19.06.2020, 09:46
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысында қатты жел тұрып, Шұбарқұдық станциясына қарасты теміржол бойына электр бағаналары құлады. Салдарынан «Атырау-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сағат 34 минутқа кідірді. Абырой болғанда адамдар аман. 

Электр бағаналары жүрейін деп тұрған пойыздың алдына құлаған. Оқиға 12 маусым күні таңғы сағат 6:00-де тіркелді.

Найзағай ойнап, қатты соққан желден құлаған төрт бірдей электр бағанасы тоқтап тұрған жүк вагондарының үстіне түсіп, рельсті жауып қалды. Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин сол күнгі оқыс оқиға жайлы баяндап берді.

«Шамамен 15 минуттай уақытқа созылған дүлей дауыл болды. Табиғат құбылысынан болған төтенше жағдайдан жолаушылар пойызы кідіріп қалды. Біздің жұмысымыз – пойызды тоқтатпай, уақытында жіберу, жолаушылар қауіпсіздігін сақтау. Рельс бойында тұрған үлкен төрт темір бағана құлап, жолды жауып тастады. Сол зілдей темірлерді жолдан алып, жолаушы пойызына қауіпсіз сапар туғызғанша, екі сағаттан артық уақыт кетіп қалды. Ауыр темір бағаналарды арнайы қалпына келтіру пойызы келіп, бағаналарды көтеріп алды. Айта кетерлігі, теміржолға зақым келген жоқ. Вагондар сынудан аман», – дейді станция басшысы.

Оқиға орнына 20-дан аса теміржолшы, екі техника және төтенше жағдай қызметінің 10-ға жуық маманы мен екі техникасы жұмылдырылған. Қалпына келтіру пойызы Қандыағаш станциясынан шақыртылды. Қатты жел кезінде теміржолшылар түнгі мезгілде жұмыс жасағанда ыңғайлы болсын деп орнатылған жарық бағаналары да құлаған. Қазіргі күні олар да уақытша қалыпқа келтірілген. Станция басшысы әрі қарайғы жұмыстардың жоспарлы түрде жалғасатынын хабарлады.

«Алдағы уақытта барлық жөндеу жұмыстарын қайтадан жоспарға алатын боламыз. Абырой болғанда анадай үлкен темір құлағанда ол жерде ешкім болған жоқ. Бірінші жолда жүргелі тұрған №47 пойыз машинисі қауіпті уақытында көріп, жылжымалы құрамды тоқтатып үлгерді. Бірден бекет кезекшісіне хабар берген. Бекет кезекшісі сол жерде барлық басшыларға, вокзал кезекшісіне, вагон құраушыға, жолшыға – бәріне бірден хабар беріп, адамдар мен пойыз қауіпсіздігін бақылады», – дейді Алтай Абдуллин.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты жел салдарынан станция аумағында құлаған электр желілерінен кейін барлығы 973 абонемент, 109 мекеме жарықсыз қалған. Сонымен қатар, ауылда 2 қабатты 16 пәтерлік тұрғын үйдің және аудандық аурухана шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп, уақытша бағаналар орнатылды. Оқиға орнында теміржол саласының мамандары мен төтенше жағдай қызметі жұмыс жасап жатыр.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды