ҚТЖ ревизорлар тобы пойыздарды тексеру жұмысын қалай атқарады

Жаңалықтар
21.12.2020, 19:44
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігі қызметін пайдаланушы жолаушылардың жауапкершілігі артты ма, әлде қазіргі пандемия жағдайы кезінде жолға шығуға тәуекел етушілер қатары сиреді ме? Қалай десек те, бүгінде жолаушы пойыздарында билетсіз жолаушы жоқтың қасы. Оған біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ ревизорлар тобымен сапар барысында көз жеткіздік. 

– «Жолаушылар тасымалы» компаниясына қарасты мобильді мониторингтік топтың негізгі қызметі – пойыз бригадаларының «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау» қағидаларының талаптарын сақтауын бақылау. Сондайақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл, – деп түсіндірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушылар тасымалы бағыты бойынша инспекциялық жұмыстың бас менеджері Асылхан Өмірсерік. – Күн сайын мобильді мониторингтік топ, орташа алғанда, тәулігіне 30-40 жолаушы пойызын тексереді. Мысалы, қараша айында біздің тексерушілеріміз 371 жолаушылар пойызын тексеріп, 5 билетсіз жолаушы мен 1320 кг рәсімделмеген жүк пен багажды анықтады».

Ревизор Берік Сандыбаевтың осы салада жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдан асыпты. Ол осыдан бұрынғы он жылмен салыстырғанда қазір пойыздардың техникалық жағдайы да, жолаушылардың жол жүру мәдениеті де жақсарғанын айтады. Оның үстіне жолсеріктер де қызметінен айырылып қалуға тәуекел етпеуге тырысатын көрінеді.

– Пойыздарды тексеру жұмысына қатысты бір айға және он бес күнге арналған кесте жасалады. Біз осы кестеге сәйкес Алматыдан Оралға бағытталған пойызға Нұр-Сұлтан станциясынан өзіңіз көргендей бірге отырдық. Осы пойызда келе жатып біз Нұр-Сұлтан-Атбасар, Тобыл-Әйтеке би телімдері аралығында отырған жолаушыларды бақылайтын боламыз. Тек қана билетсіздерді емес, ресімделмеген қол жүгінің, өзге де багаж, сәлем-сауқаттардың болмауын назарға аламыз. Тасымалдау ережесіне сай жолаушылардың өздерімен бірге алып жүретін жүк-багаждарының рұқсат етілген салмағы, параметрі бар. Мәселен, әдеттегі пойыздарда қол жүгінің салмағы 35 келіден аспау керек, ал «Тұлпар-Тальго» вагондарында ол 25 келі, параметрі, яғни габариті бойынша 150 см болуы керек. Ал ол мөлшерден асқан жүктер рәсімделіп, арнайы багаж вагонымен тасымалдануы керек, – дейді Берік Сандыбаев.

Біз мінген Алматы-Орал бағытындағы «Тальго» пойызының вагондары жолаушылармен толық қамтылмағанын байқадық. Оның себебін пойыз бастығы Бақытжан Әлібеков елге дүрбелең салған коронавирус індетімен тікелей байланыстырып отыр. «Таңқаларлық ештеңе жоқ. Бәрі коронавирустың кесірі. Адамдар тек қажет жағдайда ғана жолға шығатын болды. Мен теміржол саласында 27 жыл жұмыс істеп келемін, мұндайды бірінші рет көруім. Бұрын оңтүстік өңірден батысқа пойыз адамға лық толы баратын, тіпті адамның көптігінен қосымша вагондар тіркелетін. Карантин кезінде халық саны азайып кетті, біздің міндетіміз – осы жолаушы халықты діттеген жеріне аман-есен жеткізу, яғни олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы сервис ұсыну», – дейді тәжірибелі пойыз басшысы.

Қазір коронавирус індеті жағдайында пойыз бригадаларына артылған міндет пен жауапкершілік еселене түскен. Тасымалдау ережелерінің бұзылмауынан бөлек, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы да құзырлы орган өкілдері тарапынан жиі тексеріледі екен. Қазіргі жағдайға байланысты пойызға жолаушылардың бетпердесіз кіруіне қатаң тыйым салынған.

Шығарып салушыларға бұрынғыдай пойызға кіруге рұқсат жоқ, егер балалы әйел, егде кісі немесе мүмкіндігі шектеулі жандар болса, олардың багаждарын жолсеріктер өздері алып кіріп, жолаушылардың жайлы орналасып алуына қолғабыс етеді.

– Санитарлық нормалардың сақталуына жауаптымыз. Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты жолаушыларға мініп түсу кезінде 1 метрлік қашықтықты сақтау, вагонға маскамен кіру, вагонда және дәретханаға немесе су алуға барғанда, дәлізде де міндетті түрде маска тағып жүру талабы қойылады. Вагондарды аралап жүруге болмайды. Сондай-ақ, жолаушыны төлқұжатынсыз, билетсіз жібере алмаймыз. Қазір жолаушылар пандемияға қатысты қабылданып отырған талаптарға үйренді, ешкім қарсылық білдірмейді, бәрі де қауіпсіздік шараларын сақтап отыр, – дейді жолсерік Шархан Нұрасыл. 

«№614 Орал-Ақтөбе бағытындағы екінші пойыздың бастығы Алмас Кабиев жолаушы тасымалында 15 жыл жұмыс істеп келеді екен. 

– Қазір пойыз бригадаларына жүктелген міндеттер артты. Тасымалдау ережелерінің бұзылмауын тексерумен қатар, пойыздарда санитарлықгигиеналық нормалардың сақталуы жиі тексеріледі. Біздің пойызда барлық талаптар мүлтіксіз орындалады. Вагондардағы ылғалды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. 

Санитарлар қажетті дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген. 

Барлық жолсеріктер Сovid-19 жағдайына байланысты алғашқы медициналық көмек көрсету курстарынан өткен. Жолсеріктердің жұмысына шағымдар түскен емес, – дейді пойыз бастығы Алмас Мырзағылұлы. 

Екі пойызда да ревизорлармен вагондарды аралап, тасымалдау ережесінің талаптарын бұзған жолаушыны кездестірмедік. Тіпті, пойыз бригадалары көрсетіп отырған сервистік қызметке жолаушылардың қаншалықты көңілдері толып-толмайтынын да білдік. 

– Мен пойызбен жиі жүремін, жолаушы ретінде вагонның тазалығына, жолсеріктердің қызметіне қатысты айтар еш шағымым жоқ. Вагон жылы әрі таза, төсек-орын да аппақ, су қайнап тұр. Жолсеріктер мәдениетті, сыпайы. 

Егер маска киюді талап етсе, ол біздің қауіпсіздігіміз үшін емес пе? Сондықтан менің алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Галина Щеточкина есімді жолаушы. 

Ал Орал қаласының тұрғыны Дәулет Ержанов Ақтөбеде тұратын балаларына бара жатыр екен. 

– Өзіңіз көріп отырғандай, міне, плацкарт вагонмен келе жатырмын. 

Қасымда жұбайым бар. Вагон тап-таза, жылы, жып-жинақы. Біздің егде тартқан кісілер екенімізді ескеріп, жолсеріктер затымызды орнымызға жеткізіп берді. Мен жастау кезімде елдің түкпір-түкпіріне пойызбен отыз жыл жүрдім. Ол кездегі пойызбен салыстырғанда арасы жер мен көктей. 

Вагондар жаңарып, сервис жақсарып жатыр. Жолсеріктер де сыпайы, әдемі формада. Ең бастысы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы. Осыдан басқа не керек?! – деді ақсақал ризашылығын жасырмай.

Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде
Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026
Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді
ҚТЖ келбеті
27.01.2026
ЖИ мүмкіндігі шексіз