ҚТЖ жұмыскерлердің қауіпсіздігіне арналған кезекті оқу курсы өтті

Жаңалықтар
24.09.2021, 10:49
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық аппараты мен өңірлердегі жол бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіздіктің іс-әрекет диалогы» тақырыбында Компания жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және еңбек қауіпсіздігін дамытуға бағытталған үш сағаттық оқу курсы өтті. ZOOM платформасында онлайн форматта өткен оқу бағдарламасын Компанияның еңбекті қорғау жөніндегі ішкі жаттықтырушысы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Қауiпсiздiк және еңбектi қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Баян Смайлова жүргізді. Онлайн оқу курсы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптың бірі COVID-19-ға қарсы жасалынып жатқан вакцинация төңірігінде «қауіпсіздік минутынан» басталды. Екпе алудың оң әсері, вакцинациялану кезеңдері және вакцина алу кезіндегі сақтық шаралары, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру пайдасы туралы мағлұмат берілді. «Қауіпсіздіктің іс-әрекет диалогы», «Жұмысты тоқтату», «Салдарсыз оқиғалар» сынды маңызды тақырыптардан тұратын бағдарлама жұмыскерлерге жұмыс орындарында техника қауіпсіздігіне мұқият болуға, әрдайым жергілікті жердегі еңбекті қорғау ережелері мен нұсқауларының талаптарын бұлжытпай орындауға, әр жұмыскерге тек өзінің ғана емес, сондай-ақ жан-жағындағы әріптестерінің қауіпсіздік мәдениетін көтеруге, оны одан әрі дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беретіні айтылды. Оқу бағдарламасы негізгі үш сұрақты қамтиды. Біріншісі, қауіпсіздік мәдениеті жағынан қазіргі таңда біз қайдамыз, бағалау нәтижелері, орын алған жазатайым оқиғалардың статистикасы; екіншісі, біз қайда болғымыз келеді, жазатайым оқиғаны болдырмау үшін не қажет; үшіншісі, нөлдік жарақаттануға (Vizion Zero) қалай жетеміз, өзгерудің пайдасы.

«Қауіпсіздіктің іс-әрекет диалогының мақсаты – жұмыс істеу барысында орын алған қауіпті іс-қимылдың себеп-салдарын анықтау және оны түзету. Ол – қауіпті жұмыс істеп жатқан жұмыскерді тоқтатып, шынайы, ашық түрде жүргізілетін диалог. Себебі, көптеген жағдайда жазатайым оқиғалар мен қауіпті жағдайлар іс- әрекеттердің дұрыс жасалмауынан болып жатады. Яғни бұл бағдарлама, техника қауіпсіздігінің ережелерін, нұсқауламаларын, еңбекті қорғау талаптарын бұзушыларды іздеп тауып, жазалайтын құрал емес, тексеріп-тергеу емес. Керісінше, жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың алдын алатын, оны болдырмауға септігін тигізетін проактивті құрал», – дейді Баян Смайлова.

Ішкі жаттықтырушының айтуынша, корпоративтегі қауіпсіздік мәдениеті жұмысшылардың санасында болуы керек, ал жұмыскердің санасына жеткізу үшін, басшылар біріншіден өздерінің көзқарастарын түбегейлі өзгертуі қажет. Мәселен, Орталық аппараттан өндіріс жұмыстарын тексеруге комиссия келді делік. Бұл жағдайда, жергілікті басшылық не істеу керек? Ең алдымен келген тексеруші меймандарға қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай нұсқаулық өткізіп, каска беріп, яғни жалпыға бірдей ереже талабын сақтау керек. «Біздегі қауіпсіздік мәдениетінің әлсіздігін көп жағдайда, басшылар тарапынан жауапкершіліктің жетіспеуі, олардың құзыреттілігін асыра қолдануы және де қауіпсіздікке деген кері көзқарастары; жұмыстың тез орындалуын талап ету, еңбек қорғау ережелерін сақтамай жұмыс істеудің ыңғайлы жолдарын іздеп, тезірек бітіргісі келу сияқты факторлар құрайды», – деген Баян Смайлова, Vizion Zero концепциясының алтын ережелерінің бірі – ол кез келген мекеме, ұйымда айқын көшбасшылықтың болуы керектігін айтады. Яғни, жұмыскерлер арасында қауіпсіздік мәдениетін орнататын көшбасшы – бұл жерде, мекеме жетекшісінің сөйлеген сөзі мен істеген іс-әрекетінде қарама-қайшылық болмауы қажет. Өз кезегінде, лектор тыңдармандарға адам өміріне зиян тигізетін, қауіпсіздік нормалары сақталмаған жұмыстарды тоқтату керектігін, Қазақстан темір жолында жұмыс істейтін әр адамның қауіпті жұмыстарды тоқтатуға толықтай құқығы бар екенін және осы ретте оларға «Қауіпсіздік диалогы» мобильді қосымшасы көмек қолын соза алатынын жеткізді. «Жұмысшылардың жаңа қауіпсіздік құралдарын белсенді қолдануын ынталандыру үшін сыйақылар да қарастырылған. Әр ай сайын жазатайым оқиғалардың алдын алған және оны тоқтатуға септігін тигізген, қауіпті іс-әрекеттер мен қауіпті жұмыс шарттарын анықтаған жұмыскерлер марапатталады. Ол үшін не істеу керек? Жұмысшылар KTZ HSE ISPB мобильді қосымшасын өз смартфондарына жүктеп алып, оған өз атынан тіркелулері керек. Сосын жұмыс орындарында қауіпті жұмыстарды не болмаса қауіпті іс-әрекеттерді анықтап жатса, ұялы қосымша арқылы жүйеге енгізіп, фото-видео жазбаларымен дәлелдеме жіберуі керек. Дәл осы мақсаттарда ұялы қосымшаны қарқынды қолданудың жеңімпаз атануға тигізер көмегі мол. Компаниямыздың арнайы құрылған комиссия мүшелері сыйыақы тағайындалатын жұмыскерді өңдірістік қауіпсіздіктің интегралды жүйесінің мәліметтер базасынан таңдап алып, сәйкесінше шешім шығарып, қажетті іс-құжатпен растайды. Ынталандыру жүйесінің шынайы және қалыпты жағдайда жұмыс істейтінінің дәлелі ретінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған жұмысшыға 3 млн теңге көлемінде шет елге отбасымен қыдырып келуге жолдама берілгенін айтар едік. Жолдамаға «ӘТЖК» ЖШС Қарағанды филиалының Жезқазған станциясының атқыштар командасының бастығы Ербол Баймағамбетов ие болды», – деген ішкі жаттықтырушы KTZ HSE ISPB ұялы қосымшасын қалай жүктеу, оған қалай тіркеліп, онымен қалай жұмыс жасау керек- тігі жайлы да егжей-тегжейлі баяндап берді. Оқыту барысында «оқиғалар айсбергі» негізінде қауіпті жағдайларға алып келетін іс-қимылдар, қауіпті әрекеттер мен қауіпті оқиғалардың қиылысу нүктесі анықталып, жазатайым оқиғалардан мысал келтіріліп, түсініктемелер берілді. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші, шынайы орын алған жазатайым оқиғаның негізінде түсірілген бейнефильм де көрсетілді. Сол кездегі жарақат алған адамның қазіргі таңдағы қауіпсіздікке деген көзқарасы тыңдаушыларға әсер етпей қоймады. Толығымен мемлекеттік тілде өткен оқу курсы соңында қатысушылар бағдарламаның тиімділігі мен маңыздылығын жан-жақты ашып, қарапайым тілмен жеткізіп, түсіндіріп берген жаттықтырушыға да, теміржолшылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін қолданысқа технологиялар арқылы жаңа әдістерді енгізіп отырған Ұлттық компания топ менеджерлеріне де жылы лебіздерін білдіріп, сабақтың мазмұнды өткенін бірауыздан растады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты