Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Бір тағдырдың болат кезеңдері» атты форум өтті

Жаңалықтар
28.09.2021, 10:05
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде «Магистраль» сарапшы-форумының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мемлекет қайраткері, республиканың бірінші Көлік министрі, Құрметті теміржолшы Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Бір тағдырдың болат кезеңдері» тақырыбында арнайы шығарылымы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Онлайн форматта өткен форум жұмысына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері мен теміржол көлігінің ардагерлері қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан компанияның бас инженері Батыр Котырев құттықтау сөз сөйледі. Ол ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы теміржол саласының ардагері Н.Есенғариннің 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтіп, форумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшылар арда- герлерінің Орталық кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиевтің айтуынша, ол басшылық еткен кезеңде Тың темір жолы бұрынғы Кеңес Одағының 19 жолының ішінде жабдықталуы бойынша бірінші орынға шыққан. «80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында КСРО Қатынас жолдары министрінің орынбасары болып отырған шағында Есенғарин «Ақтоғай – Достық» темір жол учаскесін қалпына келтіру туралы бастама көтерді. Қатынас жолдары министрінің орынбасары қызметін тастап, Қазақстанға оралып, Алматы темір жолын басқарғанда ол осы учаскені Алматы темір жолының күшімен қалпына келтіру бойынша жұмысты өзі басқарды», – деп еске алады «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко. «Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі» коммерциялық емес серіктестіктің бақылау кеңесінің мүшесі Владимир Шнейдмюллер алғаш рет «электрондық құжат айналымы» деген сөз тіркесін Н. Есенғариннің қолданғанын айтады.

– Целиноград – Екібастұз учаскесіндегі көмір маршруттары қажетті құжаттарды бірнеше сағат күтетін. Осы кезде пнев- матикалық поштаны пайдалану мәселесі талқыланды. Сол кезде мен Есенғариннің аузынан «электрондық құжат айналымы» деген сөз тіркесін естідім. Электрондық құжат айналымының енгізілуімен құжаттар станцияға вагондардың өздерінен бұрын келе бастады, бұл пойыздардың тоқтап тұруын едәуір азайтуға мүмкіндік берді, – деді Владимир Шнейдмюллер.

Н.Есенғариннің үзеңгілес жолдастары мен өндірістегі достары болған Юрий Расстрыгин, Мұхамеджан Абдуллаев, Марат Хамзин, тағы басқалар мерейтой иесімен бірге қызмет атқарған жылдардан естелік айтты.

«Біз астық құрамдарын өткізу үшін және олардың жолаушылар және басқа пойыздардан айырылысуы үшін әрбір учаскелік станция арасында ұзартылған 2100 метрлік жолдар салу идеясы туындаған «жол картасын» әзірледік. Бұл эксплуатациялық жұмысты жақсартты және жүк құрамдарының кешігу мәселесін шешті. Біз осындай қозғалыстың негізін қалаушылар болдық. Бүкіл Кеңес Одағында ондай тәжірибе болған жоқ. Сондай-ақ біз еліміздің барлық темір жолдар желісінде Петропавл мен Омбы бағытына Екібастұз көмірі тиелген пойыздарды құжаттық ресімдеусіз өткізуді бірінші болып ұйымдастырдық. Құжатсыз пойыздарды ұйымдастыру кейін Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де темір жолдарында кеңінен қолданылды», – деп естелік айтты Мұхамеджан Абдуллаев.

Эксперт-форумға қатысушылар ұйымдастырушыларға көрнекті мемлекет қайраткерінің мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланыстыра отырып, арнайы шығарылым өткізгені үшін алғыс айтты.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты