Ресейге пойыздар қайтадан қатынай бастады

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алдағы маусым айынан бастап үш мемлекетаралық пойыз Ресей Федерациясына қатынайтын болады. Олар Қарағандыдан Омбыға, Алматы-2 станциясынан Қазан қаласына және үшіншісі Қарағанды-Мәскеу бағытында жүрмек, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен, Қарағандыдан жөнелтілетін «Қарағанды-Омбы» бағытындағы №145/146 пойызы 2022 жылғы 3 маусымнан бастап жұма және сейсенбі күндері жолға шығатын болады. Кері бағытта құрам 2022 жылғы 4 маусымнан бастап сенбі және сәрсенбі күндері Омбыдан Қарағандыға шыға бастайды. Ал «Алматы-2-Қазан» бағытындағы №113/114 пойызына келсек, ол Алматыдан 2022 жылдың 6 маусымынан бастап дүйсенбі күндері жөнелтіледі. Қазаннан Алматыға қарай 2022 жылғы 9 маусымнан бастап бейсенбі күндері кері жүре бастамақ. Көмір кен орнынан шығатын келесі бір құрам – «Қарағанды-Мәскеу» қатынасындағы №83/84 пойыздың қатынауы Самара станциясына дейін қысқарады. Ол Қарағандыдан 2022 жылғы 8 маусымнан 30 шілдеге дейін жұп күндері жүретін болады. Құрам Омбыдан Қарағандыға 2022 жылғы 10 маусым мен 30 шілде аралығында жұп күндері қатынайды. Сонымен қатар, 1 тамыздан 31 тамызға дейін осы пойыз Қарағандыдан Самараға және Самарадан Қарағандыға тақ күндері жүреді деп жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында пойыз Қарағанды мен Самарадан жұп күндері қатынайтын болады. Ал, 1 қарашадан 9 желтоқсанға дейін пойыз Қарағандыдан Самараға тақ күндері қатынаса, Самарадан Қарағандыға пойыз тақ күндері 1 қарашадан 11 желтоқсанға дейін қатынамақ. Жолаушылардың назарына, билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленгенін, ал жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және жол жүру құжатының бағасын www.bіlet.railways.kz. сайтынан алуға болатынын еске саламыз.

Биыл 27 сәуірде ведомствоаралық комиссия ҚР аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Осы орайда, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы №21 қаулысында жазылған талаптардың сақталуы міндетті. Сонымен қатар қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға қарсы ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Оны берген күннен бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспауы тиіс немесе ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған коронавирустық індетке қарсы екпе алуы немесе қайта вакцина қабылдауының толық курсынан өткені (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім) туралы паспорт ұсынуы қажет. Егер жолаушыларда ПТР тестінің нәтижелері болмаса немесе COVID-19 қарсы екпенің паспорты болмаса, вагонға отырғызуға жіберілмейді.

Теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманы ұсыну келесі адамдардан: айталық, 5 жасқа дейінгі балалардан, егер оларды алып жүретін адамдарда осындай анықтама болған жағдайда; ҚР үкіметтік делегацияларының мүшелерінен; локомотив бригадаларының мүшелерінен, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдардан; егер екінші компонентті алғаннан кейін ҚР шекарасын кесіп өту сәтінде алты айдан аспаған болса, ҚР-да ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде; ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдардан талап етілмейді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты