Биыл Алакөлге темір жол көлігімен 240 мыңнан астам жолаушы жеткізілген

Жолаушылар тасымалы
30.09.2022, 16:14
Оқуға 2 мин

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы тасымалдау қорытындыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңес отырысы "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға ҚР ИИДМ, Алматы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, "Атамекен" ҰКП өкілдері, жеке тасымалдаушылар мен туристік компаниялар қатысты.  

Жаздың үш айында Алакөлге 243 мың жолаушы жеткізілген, бұл өткен жылғы маусымға қарағанда 33,5%-ке артық. Сұранысты қанағаттандыру үшін 260 мыңнан астам орын ұсынылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ке жоғары. Алакөл бағытында 11 жолаушы пойызы жүрді, оның ішінде 9 - "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 2 - жеке тасымалдаушы. Үш құрам Астанадан, бесеуі Алматыдан, екеуі Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан және қала маңы пойызы Ақтоғай - Достықтан жөнелтілді.  

Қанат Әлмағамбетов биыл алғаш рет жолаушылардың жайлы жүруін қамтамасыз ету үшін ҚР ИИДМ қолдауымен Ұлттық тасымалдаушы екі бағыт бойынша "Тальго" вагондарынан құралған жолаушылар пойызы іске қосылғанын атап өтті.  

Туристік маусымның қызған кезінде жолаушылардың ең көп ағыны Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши және Бескөл станцияларының вокзалдарында байқалды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Ұлттық тасымалдаушы вокзал ғимараттары мен жолаушылар платформалары жөнделіп, қоршаулар, тұтқалар, шатырлар орнатылып, жарықтандыру жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін вокзал ғимаратында пандустар, күту залында арнайы орындар орнатылып, мүгедектер арбалары сатып алынды.  

Келесі жылы қолданыстағы маршруттардың тізімін сақтау жоспарлануда. Тұрғындар тарапынан сұраныс артқан кезде уәкілетті органмен бірлесіп Астана-Достық бағыты бойынша (Тальго вагондарымен), сондай – ақ Қызылорда-Достық бағыты бойынша (стандартты вагондармен) қосымша пойыздар ұйымдастыру мәселесі пысықталады.  

Сондай-ақ, келесі демалыс маусымында жолаушыларға қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту бойынша жоспарланған іс-шаралар талқыланды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды