Нұрбақыт – миллионыншы жолаушы

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1 маусым күні «Нұрлы жол» теміржол вокзалына келіп тоқтаған №85/86 «Шымкент – Астана» бағытындағы Тальго пойызының 13-вагонынан биылғы жылдың миллионыншы жолаушысы түсті.

Бір қызығы, миллионыншы жолаушы Нұрбақыт Ағабек есімді 10 жастағы ұл бала болып шықты. Бұл 4 маусымда туған күнін атап өткелі отырған жеткіншек үшін күтпеген тосынсый болғаны анық. Нұрбақыт анасымен бірге Шымкенттен ерекше балалар арасында өтетін жүзу жарысына келе жатыр екен.  

Астаналық вокзал кешенінде милионыншы жолаушыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев пен пойыз жолсеріктері салтанатты жағдайда қарсы алып, Нұрбақытқа Apple маркасындағы IРad гаджетін, сымсыз құлаққап, жеміс-жидек салынған үлкен себет пен анасына гүл шоғын табыс етті.

– Бұл біз үшін күтпеген керемет тосынсый болды және оның балаларды қорғау күнімен және жақында болатын ұлымның туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанын жақсылықтың нышанына балап отырмын. Осындай тамаша акцияны ұйымдастырып отырған ҚТЖ басшыларына алғыс айтамыз. Жарыс алдында сыйлаған көтеріңкі көңіл-күй ұлыма жетістіктер сыйлайды деген үміттемін, – деп лебіз білдірді Нұрбақыттың анасы Жайна Фазылбекова.  

Бұдан бөлек осы пойыздың 12 вагонында Астанаға параолимпиада жарысына келе жатқан бір топ ерекше балаға да түрлі-түсті қарындаштар, бояуға арналған суреттері бар альбом, тәттілер, тағысын тағы заттар салынған сапалы матадан тігілген қоржын тарту етілді.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис жөніндегі департаменттің бас менеджері Динара Майсутова жыл сайын миллионыншы жолаушыны құттықтау дәстүрге айналған акция екенін атап өтті. Биыл Балаларды қорғау күніне арналған акциялар ел өңірлерінде де жалғасын тауып жатқанын, ірі станцияларда 1 маусым күні пойызға отырған балаларға сыйлықтар таратылатынын атап өтті.  

– Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында 900-ден астам балаға сыйлық дайындап, таратып жатырмыз. Бүгінгі миллионыншы жолаушының жас жеткіншек болып шыққанына да қуанып отырмыз. Бұл сыйлықты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда көңіл сергітетін портал қызметін ұсынып отырған «KAZTECHNOLOGY Инжиниринг компаниясы» ЖШС-мен бірлесе тарту етіп отыр. Жалпы, біз жаңа жыл, наурыз секілді мерекелер қарсаңында жолаушылармен әртүрлі акциялар өткізіп, халыққа қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырғанбыз, – дейді Динара Майсутова.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты