Шымкент тұрғыны жолсерікке аналық алғысын айтты

Суретті түсірген Александр Жабчук
Меруерт Өмірзақова

Көпшілікпен жұмыс істейтін кәсіп иелері жұрттың бәрінің көңілін таба бермейтіні белгілі. Мысалы, жолаушы пойыздарының жолсеріктерін алайық. Олардың адресіне мақтау да, даттау да аз айтылмайды. Дегенмен, Шымкенттен хабарласқан әйел кісінің оқиғасы ерекше болған соң өтінішін елеусіз қалдырғымыз келмеді.  

Биылғы 25 қаңтар күні Шымкенттен №086 жолаушы пойызына отырып, Қарағандыға сапар шеккен отбасы бір купені тұтас алып жолға шығады. 12-вагонның 1-ші купесінің жолаушылары бізге хабарласқан әйел кісі, ұлы-келінімен және екі кішкентай немересімен тойға келе жатады.  

«Қазақтың тойы біткен бе, қыс ауасы болса да Қарағандыдағы құдалардың отбасылық салтанатына қатысып, қуаныштарына ортақтасу парызымыз болған соң бала-шағамызбен тальго пойызына алдын ала билет алып қойып жолға шыққан едік. Шымкенттен отырғаннан жолсерік екі жігіт қарсы алып, орналасуымызға көмектесіп, төсек-орнымызды түсіріп беріп, жайғастырып, бәрін түсіндіріп, көрсеткен қызметі мен ілтипаттарына іштей риза болдым. Жол бойы бар жағдайымыз болып, жайлы бардық, вагон тыныш, таза, жылы болды. Таң атпай Қарағандыға жеткенде ұйқыларынан оятып алғанға мазасызданып жылап, айналаны азан-қазан қылған немерелерімізді жетектеп асығыс түсіп қалдық. Тек күтіп алған көлікпен Теміртауға жеткенде бас жағыма іліп қойған кішкентай қол сөмкемізді пойызда ұмытып кеткенімізді байқап, у-шу болдық та қалдық...» – дейді телефонмен әңгімесін айтқан Роза Көшенова есімді апай.  

Әрине, жолаушылардың у-шу болатындай жөні де бар екен. Әлгі әйел адамның қол сөмкесінде қыруар байлық бар еді: тойға әкеле жатқан алтын бұйымдар мен акшадан бөлек өзінің және келінінің тойға тағатын қымбат әшекейлері, өздерінің, кішкентай балалардың құжаттары – бәрі сол сөмкенің ішінде кетеді.  

Енді не істейді? Жолсеріктердің аты-жөні де естерінде жоқ, телефонын болса болмаса білмейді. Астанаға жеткенше әлі екі сағаттан аса жол жүретін пойыздың соңынан қуып бармақ болған ойларынан айнып, Қарағанды вокзалының анықтама қызметіне жүгінеді. «Анда хабарласыңыз, мында хабарласыңыз» дегеннен басқа олардан мардымды көмек болмайды. 14-33 теміржолдың анықтама қызметіне де хабарласа алмаған соң Роза апай Астанада тұратын құрбысына телефон соғып, көмек сұрайды. «Нұрлы жол» вокзалына келіп тоқтаған пойызды күтіп алған құрбысының ұлы 12-вагонға келіп жолсеріктердің қолынан «қазыналы сөмкені» алып, аман-есен иесіне табыстайды.

«Адамның көңілінде қашан да күдік басым ғой, әй қайтпайды-ау сөмке, кімнің қолына түседі, құдайына қараған жанның қолына түссе жақсы, білмедім-көрмедім десе не шара деп ойладым. Бірақ жолсерік балалардың адалдығына сенген ішкі түйсігім алдамапты, сол жерде маған бейнеқоңырау шалып, көзімше сөмкенің ішіндегі заттарға опись жасап, түгелдігіне көзімді жеткізіп қайтарып берді. Қатты қуандым да толқыдым, жолсеріктерге, өрімдей қазақтың жас жігіттеріне риза болып алғысымды жаудыра бердім. Бір өкінішім, аты-жөндерін сұрамаппын. Енді міне, аман-есен Шымкентке оралған соң таныстарымның кеңесімен сіздерге   хабарласып отырмын, теміржолдың газеті арқылы сол жолсеріктерді тауып алып,  рахмет айтып, «жақсының жақсылылғын айт, нұры тасысын» деген, көпке үлгі етсем несі айып деп ойлаймын», – деп сөзін аяқтаған Роза апай билетінің көшірмесін жіберді.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді