Қазақстанда пойызбен қандай курорттық аймақтарға баруға болады?

Жолаушылар тасымалы
13.06.2024, 10:54
Оқуға 2 мин

Дәстүрлі түрде жолаушылар жазғы демалыс кезінде пойызбен Алакөл, Балқаш көлдері, Каспий теңізі, сондай-ақ, Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент қалалары және Бурабай курорттық аймақтарына жиі қатынайды. Пойызбен саяхаттау – бұл ыңғайлы, қолжетімді әрі қауіпсіз қозғалыс тәсілі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Танымал туристік бағыттардың бірі – Алакөл көліне биыл Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордан 12 бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Он бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша - жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Пойыздарда ұсынылған орындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға өсіп, туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін 270 мың орынды құрайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан қалыптастыратын болады.  

Балқаш көліне жету үшін 7 түрлі бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Сондай-ақ, Бурабай курортына да ыңғайлы маршруттарды таңдауға болады, онда пойыздар 14 бағыт бойынша жүреді. Түркістанға пойыздар 16 бағыт бойынша қатынайды. Ақтауға пойыздар 6 бағыт бойынша жүреді, соның ішінде Маңғыстау-Семей бағыты ең ұзын маршрут болып есептеледі. №37 жолаушылар пойызы Қазақстанның Батысы мен Шығысын байланыстырады. Пойыз жолда 128 сағат жүріп, 50 станция мен 3,2 мың қашықтықты еңсереді.

Астана қаласына 37 маршрут бағытталған. Бұл елімізде ең көп теміржол маршруттары болып саналады. Ай сайын бұл маршрутпен 1 миллион жолаушы, оның ішінде жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары тасымалданады. Оңтүстік қалаларға Алматыға 29 бағыт және Шымкентке 20 бағыт бойынша пойыздар жүреді. Жазғы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдау жоспарлануда.

Теміржол билеттерінің бағасы қашықтыққа және вагондардың класына байланысты есептеледі. Мәселен, ең танымал бағыттардың бірі №204/203 «Шымкент-Астана» пойызына билет бағасы плацкарт үшін 10 421 теңге, купе үшін 15 824 теңге. Қаламаңы бағытындағы №7507/7508 «Астана-Бурабай курортына» билет бағасы бір орын үшін 2 307 теңгені құрайды.

Қосымша жолаушыларға пойыздан пойызға ауыса отырып, қажетті қалаға жетуге мүмкіндік беретін «Сапарда ауысып отыру» қызметі де ұсынылады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді