Әрдайым жолдарың болсын...

Тамыздың ортасына қарай Маңғыстаудан Қандыағашқа дейін №37 Маңғыстау-Семей жүйрік пойызының 7-ші вагонына отырдым. Мүгедектігі бар адамдардың купесіне мінгенім сол, жолсерік жетіп келіп хал-жағдайымды сұрап, сөмкемді орналастыруға көмектесіп бәйек болды.

Риза болып қалдым. Омырауына таққан бейджигінен оқыдым, аты-жөні Баеков Құралбек екен. Маңғыстаудан қозғалғаннан кейін пойызымыз жүйрік аттай жүйткіп ала жөнелді. Бір қызығы, көптен пойызға мінбегеннен бе, әлде мына пойыздың шойын жолы басқа ма деп ойладым. Өйткені пойыздың жүрісі жұмсақ, баяғыдай тықылдамайды.

Екінші жолсерік қыз келіп төсегімді жайып берді. Нұрғалиева Гүлнафис екен аты-жөні. Аққұманмен шәй әкеліп берді. Совет үкіметі кезіндегі пойызға мініп, вагонға орналасқаннан кейін проводниктер купеде неше адам болса сонша стақан шәйді екі бөлек шекермен қосып алдыңа әкеліп қоятыны есіме түсті. Ешкім вагонның ішінде пойыз теңселгенде теңселіп, коридорда сеңдей соғылысып жүрмейді. Жарықтық, ол кезде адамдардың бәрі қайырымды, бір-біріне көмектесіп бәйек болатын еді... Мына балдардың да қызметі жақсы екен, көптен бері мұндай жолсеріктерді кездестірмеп едім деп ойладым жолсерктеріме риза болып.    

Демалып, шәй ішіп, бір-бірімен танысып, әңгіме-дүкен құрған вагондағы жолаушылардың қай-қайсысы да құрақ ұшып қызмет көрсеткен жолсеріктерге риза болды. Кешке қай вагонның іші салқындап кетті, көптің ыңғайына қарай жолсерігіміз кондиционерді сөндіріп, арасында қосып, жолаушылардың бар жағдайын жасады. Вагонның іші, купе, дәретханасы – бәрі тап-таза, майлық, сусабыны, қағазы бар, сондай жақсы көңіл күймен діттеген жеріміз Қандыағашқа келгенде «Әрдайым жолдарың болсынІ» деп жолсеріктерге алғысымызды айта-айта қоштастық.    

 

Мұқанбетулла КЕМЕР, ардагер-журналист

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қандыағаш  

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде