Алғашқы «Поттер пойызына» 300-ден астам жолаушы қатысты (Фото)

Жолаушылар тасымалы
06.10.2025, 10:37
Оқуға 2 мин

Астанада отбасылық мәдени-ойын-сауық жобасы — «Поттер пойызы» өзінің алғашқы сапарына аттанды. Екі сағатқа созылған бұл ерекше саяхатқа 300-ден астам жолаушы, оның ішінде балалар мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сиқырлы пойыз 6 вагоннан тұрады. Әр вагонда жолаушыларға арналған жеке қойылым көрсетіліп, барлық вагонда бір мезгілде театрландырылған бағдарлама жүргізілді.

Осы сапарда шамамен 15 актер Гарри Поттер әлемінің ең танымал кейіпкерлерін сомдады. Жолаушылар пойыз ішінде Гарри Поттерді, Гермиона Грейнджерді, Драко Малфойды, профессор Дамблдорды, Северус Снеггті, Доббиді және басқа да сүйікті кейіпкерлерді көрді. Әрбір актердің костюмі, бейнесі мен гримі мұқият әзірленді. Соның арқасында қатысушылар өзін нағыз сиқыр әлемінде жүргендей сезінді.

Балалар сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсіп, әсерлі сәттерін бөлісті. Интерактивті ойындарға белсене қатысқан балалармен бірге ата-аналар да қойылымнан ерекше әсер алды. Шоу бағдарламасы барлық жастағы көрермендерден жоғары бағаға ие болды.

Жобаға қатысқан актерлердің барлығы — отандық театр сахнасы мен креативті индустрияның кәсіби өкілдері. Қазіргі таңда шоу екі тілде ұсынылуда, ал алдағы уақытта қойылым толықтай мемлекеттік тілде өткізілуі жоспарланып отыр.

«Поттер пойызы» 12, 18, 19, 25 және 26 қазанда жолға шығады. Қараша айында да сиқырлы пойыздың қатынауы жоспарлануда. Әр сапардың ұзақтығы — 2 сағат, бағыт: «Астана-1 — Тастақ — Астана-1» (60 км). Жобаға қатысты толық ақпарат пен жаңартылған кестені Instagram @poezd_pottera және @jolaushylar_tasymaly парақшаларынан көруге болады.

Отбасылық «Поттер пойызы» жобасы қазақстандық ивент-компаниясымен ұйымдастырылып, Ұлттық тасымалдаушының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды