Қоршау қауіптің алдын алады

Қауіпсіздік
09.10.2025, 09:30

Темір жол – қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар ол жоғары қауіп аймағы болып табылады. Сондықтан да жолаушылар мен азаматтық қоғамның қауіпсіздігіне қатысты шаралар жыл сайын күшейтіліп келеді. Биылғы 8 айда «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бөлімше мамандары теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында қаңтар-тамыз айы аралығында 8178 адамды қамтыған 225 кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесулер мектеп-балабақшалардан бастап, тұрғын үй массивтерінде және теміржол жиегіне жақын орналасқан елді мекендерде өтті. Сонымен қатар теміржолда жүру ережелері жазылған жаднамалар мен үнпарақтар таратылды. Үгіт, насихат сипатындағы түсіндіру жұмыстарынан ақпарат құралдары да тыс қалған жоқ. Сол сияқты станция парктері маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған 4 өткелге арнайы дыбыстық хабарлама беретін ИЗАПС-RWD (автоматты дыбыстық сигнал беретін жүйе) құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғының ерекшелігі сол – өткелге жақындаған пойыз туралы алдын ала ескертіп, адамдардың жолға шығуына тосқауыл болады.

Магистраль бойында малдың қараусыз жүруі үлкен қауіп тудырады. Биыл жоспар бойынша 15,3 шақырымды қоршау көзделген. Бүгінге дейін Шымкент жол дистанциясы 5 шақырым,  Арыс жол дистанциясы 2 шақырым жол бойын қоршады. Қалғаны жыл соңына дейін орнатылатын болады. Осымен біздің өңірдегі темір жолдың жалпы қоршау ұзындығы – 660,5 шақырымды құрап отыр.

Соңғы жылдары қауіпсіздік мақсатында 50,4 км қоршау орнатылды. Соның ішінде: ең ұзын қоршау Шымкент-Қызылсай станциясы аралығындағы 25 шақырым болса, Шымкент-Қорғасын аралығына 10 км, Түркістан мен Арыс станциясы маңында 4 км қоршау орнатылды. Бұдан бөлек, 2027 жылға арналған қауіпсіздік жөніндегі Жол картасы аясында Манкент – Қызылсай және Игілік – Қорғасын станциялары аралығына 46,4 км аумақта қоршау салу жоспарланған.  

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы маңындағы кейбір қауіпті теміржол учаскелерінде пойыз жылдамдығы 40 км/сағатқа дейін шектелді.

Осы күндері Шымкент бөлімшесі бойынша 29 теміржол өткелі бар,  оның 13-і күзетілетін, ал 16-сы күзетілмейтін өткелдер санатына жатады. Көлік министрінің арнайы тапсырмасына орай жыл соңына дейін 12 өткелге бейнебақылау жүйелері орнатылып, 5 жерге автокөлік көпірін салу жоспарланған. Қазіргі кезде 3 294-шақырымдағы 1-санатты ПК9 бекеті (Шымкент-Қызылсай) мен 3 301-шақырымдағы 2-санатты ПК8 бекетінде құрылыс жұмыстары қызу қолға алынған. Жоспар бойынша оның бірі жыл соңына қарай, ал екіншісі келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сол сияқты облыс аумағының шалғай елді мекендерінде орналасқан 5 өткелге бейнебақылау камералары орнатылған. Ендігі жерде бұл жүйелерді жергілікті полицияның оперативтік басқару орталығына қосу бойынша құжаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Нұрбол БИЖАНОВ,

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС

Шымкент бөлімшесі директорының  

бірінші орынбасары

 

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады