«Жібек жолы» туристік пойызы сапарға шықты

Бүгін Алматы станциясынан «Жібек жолы» туристік пойызы өз сапарын бастады. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүреді. Тур 16-20 қараша аралығында 5 күнге созылады. Алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды, депхабарлайды Rail-news.kz.

«Бұл жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев.

Туристер Түркістанда бір күн, Ташкентте екі күн өткізеді. Бағдарлама барысында олар осы қалалардың көрікті жерлерін, әсем табиғат аймақтарын және қасиетті орындарын аралайды.

Барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен өтеді. Ал маршрут бойындағы қозғалыс туристік автобустар арқылы ұйымдастырылады.

Пойыз құрамына Қазақстанда шығарылған, бұрын басқа бағыттарда қолданылмаған 5 жаңа вагон қосылған. Қызмет көрсету тобына пойыз бастығы, сегіз жолсерік және бір электромеханик кіреді.

Пойыздың сырты мемлекеттік тудың бейнесімен безендірілсе, ішкі бөлімі ұлттық өрнектермен әшекейленген алтын түсті төсек-орындармен жабдықталған. Вагон-мейрамхана дәстүрлі стильде безендіріліп, ұлттық және еуропалық тағамдарды қамтитын мәзірді ұсынады.

Айта кетейік, туристік пойыз билеттері туристік агенттіктер арқылы сатылған.

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz