Наурыз мейрамына орай «Керуен Экспресс» және «Jibek Joly» туристік пойыздары жолға шығады

Жолаушылар тасымалы
06.02.2025, 09:25
Оқуға 2 мин

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік байланыстарды кеңейту мақсатында «Керуен Экспресс» және «Jibek Joly» пойыздарын іске қосады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жолаушылар қос елдің бай мәдени мұрасын тамашалап, Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда қалай тойланатынын көріп, ұлттық дәстүрлердің ерекше үйлесімін сезіне алады.

«Керуен Экспресс» туристік пойызы Алматыдан шығып, «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Тараз-Алматы» бағыты бойынша жүреді. Саяхат ұзақтығы 7 күн – 2025 жылғы 21-27 наурыз аралығында.

«Jibek Joly» пойызы да Алматыдан жолға шығып,«Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Алматы» бағытымен қатынайды. Бұл тур 6 күнге созылады – 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді.

Туристік пойыздар заманауи қазақстандық өндірістен шыққан жаңа вагондардан құралған, олардың іші ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. «Керуен Экспресс» пойызында 5 вагон бар: 4 купе және 1 мейрамхана вагоны. «Jibek Joly» пойызы 7 вагоннан тұрады, оның ішінде 6 купе және 1 мейрамхана вагоны бар.

Түркістанда туристер киелі орындар мен тарихи сәулет өнерінің жауһарларымен танысады. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ұлы Жібек жолы дәуірінің ерекше атмосферасын қайта жаңғыртқан «Керуен-сарай» кешені бар.

Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффал Шаши және Төле би кесенелері сынды тарихи орындарды аралап, көне сәулет өнерінің сырларына қанығады. Сонымен қатар, олар «Magic City» тақырыптық саябағы мен басқа да заманауи демалыс орындарында уақыттарын қызықты өткізе алады.

Самарқанда туристер Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және әйгілі Регистан алаңындағы Шер-Дор, Тіллә-Кари, Ұлықбек медреселерін аралап, көне өркениеттің тарихи мұраларымен жақынырақ танысады.

«Керуен Экспресс» туристік пойызының қорытынды аялдамасы – Қазақстанның көне шаһарларының бірі Тараз қаласы. Мұнда туристер өңірдің тарихи-мәдени мұралармен танысып, бай архитектуралық жәдігерлерін тамашалай алады.

Турпакет құнына комфортты туристік пойыздағы жол жүру, жоғары деңгейдегі сервис, кәсіби гидтер жетекшілігіндегі экскурсиялар, тамақтану, кіру билеттері және трансфер қызметтері қамтылған.

Бұл тур ҚТЖ-ның ұйымдастыруымен, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы, ҚР Туризм комитеті, ҚР Көлік министрлігі, Kazakh Tourism және Тараз бен Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Турпакеттер туристік агенттіктер арқылы қолжетімді. «Jibek Joly» пойызының турпакеті жайлы толық ақпарат алу үшін +7 (701) 204-34-39 нөміріне, ал «Керуен Экспресс» пойызының турпакеті бойынша +7 (701) 750-40-00 нөміріне хабарласуға болады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті