ҚТЖ мен iKOMEK109 бірлесіп байланыс орталықтарын жетілдіреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Астана қаласы әкімдігінің iKOMEK109 «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі тараптың әріптестігі 1433 пен 109 байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуға, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын көтеруге, өзара тәжірибе бөлісуге және бірлескен тиімді шешімдерді іске асыруға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келісім шеңберінде тараптар бірыңғай қызмет көрсету стандарттарын енгізу, цифрлық технологияларды қолдану, байланыс орталығы операторларына арналған оқыту бағдарламаларын өткізу, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін тұрақты түрде бақылап, талдау арқылы қызмет сапасын арттыру жөнінде ортақ шешімге келді.

«Байланыс орталықтары — халық пен мемлекетті байланыстыратын негізгі көпір. Осы бағытта бірлесіп әрекет ету арқылы біз азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруді және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отырмыз», — деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның маркетинг және сервис жөніндегі Бас директордың орынбасары Төлеген Игембаев.

«Байланыс орталықтарының тиімді жұмысы – өтініштерге жедел жауап беру ғана емес, оларды талдау, жүйелі мәселелерді анықтау және шешімдер ұсыну мүмкіндігі. Біздің ынтымақтастығымыз озық тәжірибелерді енгізуге және елорда тұрғындарына қызмет көрсетудің сапасын арттыруға жол ашады», — деп мәлімдеді iKOMEK109 басшысы Асқар Тақсымов.

Меморандум шеңберінде тараптар клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін талдамалық мәліметтермен құпия негізде алмасуға келісті.

Анықтама үшін:

Ұлттық тасымалдаушының жолаушылары үшін 1433 нөмірі арқылы жұмыс істейтін бірыңғай анықтама қызметі қолжетімді. Бұл қызмет азаматтарға жол жүруге қатысты барлық өзекті ақпаратты тегін ұсынып, олардың сұрақтары мен өтініштерін қабылдайды. Мұнда пойыз бағыттары, орындардың болуы, билеттердің құны мен жүру ережелері жөнінде кеңес беріледі.

1433 байланыс орталығында екі ауысыммен 30 оператор еңбек етеді. Олар тәулік бойы келіп түсетін өтініштерді қабылдайды. Күн сайын шамамен 2 500, ал айына 70 000-ға жуық қоңырау өңделеді.

iKOMEK109 байланыс орталығы — елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қалалық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуінде маңызды рөл атқаратын стратегиялық құрылым. 2024 жылы орталыққа 2 326 254 өтініш тіркелген.

Күндізгі уақытта орталықта 40–45 оператор, ал түнгі ауысымда 10–12 оператор азаматтардан келіп түскен қоңырауларды қабылдайды. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен байланыс орнатуға жауапты екінші желіде күндіз 17 инспектор, түнде 3 қызметкер жұмыс істейді. Бейнемониторингпен айналысатын ситуациялық орталықта 6 күндізгі және 4 тәулік бойғы оператор кезекшілік етеді.

Орталық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және абаттандыру салаларына қатысты өтініштерді қабылдап қана қоймай, олардың орындалу барысын бақылап, жауапты мекемелердің әрекетін үйлестіріп отырады.

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде