Жолаушылар пойыздарында багажды тасымалдау ережелері

Жолаушылар тасымалы
04.09.2025, 16:26
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызбен жүк пен багажды тасымалдау ережелерін еске салады. Сапардың жайлы өтуін қамтамасыз ету мақсатында қол жүгінің салмағы мен өлшеміне қатысты қолданыстағы нормаларды сақтау талап етіледі. Белгіленген шектерден асқан жағдайда артық жүк теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресми тәртіппен қабылданып, тасымалдауға рәсімделеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Уәкілетті органның бұйрығына сәйкес, жолаушылар пойыздарында қол жүгін тегін алып жүрудің нормалары бекітілген. Атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған құрамдарда салмағы 25 килограмнан аспайтын және үш өлшемнің қосындысы 150 сантиметрден аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге болады. Қалған вагондар үшін бұл көрсеткіш – 35 килограммға дейін, ал өлшемі үш жақтың қосындысымен 200 сантиметрден аспауы тиіс.

Сонымен қатар, жолаушылар бөлшектеліп, қапталған және көлемі қол жүгін орналастыру орындарына сыйған жағдайда балалар арбасын, қылқайық және моторсыз велосипедті ақысыз алып өте алады. Мүгедектігі бар жолаушылар жеке пайдалануына арналған көмекші техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарын қосымша ақысыз алып жүруге болады.

Қол жүгін жолаушылар отыратын орындарға, өткелдерге, дәліздерге және тамбурларға орналастыруға қатаң тыйым салынады. Белгіленген нормадан асқан жағдайда артық қол жүк немесе багаж теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресімделуге тиіс.

Бұл қызмет №33/34 «Ақтөбе – Алматы», №41/42 «Алматы – Атырау», №77/78 «Алматы – Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе – Атырау», №9/10 «Алматы – Астана»  

бағыттарында көрсетіледі. Құны станциялар арасындағы арақашықтыққа қарай есептеледі және қолданыстағы тарифтер мен ережелерге сәйкес айқындалады.

Мысалы, танымал бағыттарда жеке және заңды тұлғалар үшін багаж бен жүк-багажды тасымалдау құны (1 кг үшін) төмендегідей белгіленген:

  • Алматы – Маңғыстау: багаж – 57 теңге, жүк-багаж – 114 теңге;
  • Алматы – Астана: багаж – 39 теңге, жүк-багаж – 94 теңге;
  • Шымкент – Алматы: багаж – 27 теңге, жүк-багаж – 57 теңге

Айта кетейік, жолсеріктер арқылы жүк жіберу заң талаптарына сәйкес келмейді және әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ қызметкердің жұмыстан босатылуына әкеп соғады.

Багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидалары жөніндегі толық ақпаратты 1433 (тегін) нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушыларға» бөлімінен алуға болады.

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті