2025 жылдың желтоқсанында Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалған 51 заманауи вагон жеткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2030 жылға дейін паркке осындай 557 вагон қосылады.

Жаңа вагондар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыңғайлы эргономика және заманауи инженерлік шешімдермен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» ЖШС-нен тағы 100 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.

2022-2025 жылдар аралығында Ұлттық тасымалдаушы вагондар паркін 255 жаңа жолаушылар вагонымен және 18 электр пойызымен толықтырды.